64888

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында 2019 жылдың 9-11 сәуір күндері Қарағанды қаласында «Конструктивное решение» ЖШС фирмасымен «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар ұйымдастырылды және өткізілді. Аталған облыстық семинарға Балқаш, Приозерск, Шахтинск қалаларының білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдарының 18 қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыста өз білімдерін арттырды, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйренеді. Семинар аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.