04 мамыр  2019 жылы «Шахтинск қаласы әкімдігінің Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ Қамқоршылық  кеңесі  кезекшілік отырысы өтті. Отырыста қатысқан:  Қамқоршылық кеңесінің төрайымы,   қамқоршылық кеңесінің 11 мүшелері.

Күн тәртібінде  қарастырылды төмендегі сұрақтар:

  1. 2018-2019 оқу жылындағы оқу-тәрбие бойынша есеп. Директор  А.Есмаганбетов

2. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.  Сарсенова  А.

3. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің міндетті мектеп формасымен

    және мектепішілік ережемен таныстыру. Директордың тәрбие ісі

    жөніндегі  орынбасары Н.М.Мухаметжанова

4. Соңғы қоңырау мерекелік  іс-шара  және аттестатты  салтанатты  түрде

    беру. Н.Мухаметжанова

Ашық дауыспен қабылданған шешімдер:

ШЕШІМІ:

  1. 2018-2019 оқу жылындағы оқу-тәрбие бойынша атқарылған жұмыс есебі қанағаттандырылсын. Үздік бітірген оқушыларды, қоғамдық жұмыстарға қатысқан оқушыларды, ұстаздарды және ата-аналарды марапатталсын. Мектеп жарғысын негізге ала отырып,  5 – сыныпқа қабылдауы тамыз айында жүргізілсін.

2. Жаз айларында мектепішілік «Балдаурен», алаң, жазғы мектеп,

    көғалдандыру жұмыстары ұйымдастырылсын. Жаз  айларында     

    балалардың өмір қауіпсіздігіне ата-ана жауапкершілікке алынсын.

3. «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын  

    талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым   

    Министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы  №26 бұйрығы, «Шахтинск

    қаласының білім бөлімі» ММ 2016 жылығы 15 наурыздағы №8-4/548

    хаттарымен негізге ала отырып, Ә.Бөкейханов  атындағы  мектеп-

    лицейінің мектеп формасы жоғары аталғандай бекітілсін.

4.  Соңғы қоңырау мерекелік  іс-шара 25 мамыр күні  және  аттестатты 

     салтанатты  беру күні 12 маусымда  жоғары деңгейде ұйымдастырылып    

     өтілсін.

20 наурыз 2019 жылы «Шахтинск қаласы әкімдігінің Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ Қамқоршылық  кеңесі  кезекшілік отырысы өтті. Отырыста қатысқан:  Қамқоршылық кеңесінің төрайымы,   қамқоршылық кеңесінің 10 мүшелері.

Күн тәртібінде  қарастырылды төмендегі сұрақтар:

  1. «Қайырымдылық туралы» Заңымен танысу. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Тусупбекова И
  2.  Мемлекеттік сатып алу туралы мәлімет. Сарсенова  А.
  3.  Жоспар бойынша іс-шаралар.

Ашық дауыспен қабылданған шешімдер:

ШЕШІМІ:

1.«Қайырымдылық туралы» Заңы туралы ата-аналар жиналыстарында   таныстырылсын.

2. Мемлекеттік сатып алу туралы есебі қанағаттандырылсын.

3. Жоспар  бойынша  іс-шараларға  ата-аналар  мектепке  тартылсын.