64888

2019 жылдың 23 тамыз күні №5 гимназиясында «Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында тамыз секциялық отырысы болып өтті.

Тамыз секциялық отырысында барлық оқу пәндері бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған оқу –тәрбие үрдісіндегі білім беру мазмұнын жаңартудағы өзекті мәселелер қарастырылды.

Сондай-ақ, педагогтер шебер сыныптар, тәжірибе алмасу жұмыстары бойынша коучингтер өткізді, 2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатымен танысты. Барлық қатысқандар саны – 312 педагог.

«Шахтинск қаласының білім бөлімі»ММ (әрі қарай- білім бөлімі) 2019 жылғы 22 – тамызынан  13 - қыркүйек  аралығында 27 ықшам ауданда орналасқан жеке меншік мектепке дейінгі ұйымның 200 жаңа орынға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша байқау өтетінін хабарлайды.

Байқауға қатысуға арналған өтініштер, конверттерге салынған күйде потенциалды жеткізушілерге немесе олардың мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті өкілдеріне мына мекенжай бойынша қолма-қол беріледі: Шахтинск қ., Қазақстан көшесі үй 101 , 15 каб.,  2019 жылғы 13 қыркүйек сағат 13.00-ге дейін.

Байқауға қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттер 2019 жылдың 13 – қыркүйек сағат 15.00-де Шахтинск қ., Қазақстан көшесі үй 101, 15 каб мекенжайы бойынша ашылатын болады.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмері бойынша алуға болады:       8 (72156) 64824

Подробнее...  

2019 жылдың 20-23 маусым күндері Шахтинск өңірінде мемлекеттік қызметшілердің күнін өткізуге байланысты «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ «Мен және менің кәсіби қызметім» атты сурет байқауын өткізді.

2019 жылғы 11 маусым Шахтинск қаласының қалалық паркінде қала әкімі Сержан Жанабекович Аймаковтың қатысуымен және мектеп түлектерімен «Түлектер аллеясы» атты науқан аясында жас ағаштар отырғызылды. Науқанның негізгі мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпақтарды патриотизм мен азаматтықа тәрбиелеу.

2019 жылы 1 маусымда "Балаға мейірімді қала" бастамасы аясында Шахтинск қаласында келесі іс-шаралар  өтті : "Балалар музыкалық оркестрлерінің шеруі" қалалық мерекесі, "Ура! Зажигает детвора" көңіл көтеретін қалалық бағдарламасы  ( "Сиқырлы ойын алаңдары" жұмыс істеді: "Сабын көпіршіктерінің шоуы",  музыкалық алаң, би флешмобы, ұлттық ойындар (асық, бестас, тоғызқұмалақ), аквагрим,  "Шеберлер қаласы" (тастанды материалдардан бұйымдар жасау), "Полиглотик" (викториналар үш тілде), "Виртуозные гонки" (самокаттар мен велосипедтердегі эстафета), ғылыми -техникалық бағыттағы үйірмелер жұмыстарының көрмесі (кеме моделизм және робототехника), кітап алаңы ( Шахтинск қаласының балалар кітапханасы ұйымдастырды). И.Әубакіров атындағы балалар көркемсурет мектебі қызықты шеберлік -сыныптар өткізді: қыш шеңберде құмыраны дайындау, линогравюра, табиғаттан сурет салу, кескіндеме.

Мектеп командалары бойынша шағын футбол мен «Асық ойыны» жарыстары ұйымдастырылды.

          Балалар музыкалық мектебі және Балалар -жасөспірімдер орталығы өздерінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырды және өткізді.

          Сонымен қатар, балалар -жасөспірімдер орталығы мен қала мектептері (№ 1 гимназия, № 3 ЖББМ, № 5 гимназия, № 6 ЖББМ, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей) қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізді. Жиналған қаражат "Дені сау қоғам -2050" мүгедектердің қоғамдық бірлестігіне жіберілді.

Подробнее...  

2019 жылдың мамыр айының 23-24 аралығында Қарағанды қаласында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Шаг» компьютерлік Академиясымен бірлесіп, оқушылардың шыңғармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «ITeens 2019» облыстық байқауын ұйымдастырды. Облыстық байқау аясында  бағдарламалау бойынша олимпиада және балалар білімдік  хакатоны ұйымдастырылды.

Шахтинск өңірінен бағдарламалау бойынша олимпиадаға № 1 гимназия 8 сынып оқушылары Виниченко Антон және  Тасмасыс Данил, ал   Хакатонға  № 1 гимназия 8 сынып оқушысы  Султанов Денис қатысты. Байқау нәтижесіне сәйкес, «3D моделировании» номинациясы бойынша Султанов Денис 2 орын иеленді.

Подробнее...  

2019 жылдың наурыз айынан мамыр айына дейінгі аралықта «BILGE» халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Bilgen Baige», «Bilgen Alaman» пәндік олимпиадаларының мектепшілік, қалалық, облыстық кезеңдері өткізілді. Мамыр айының 10-12 аралығында 4 кезеңге өткен оқушылар үшін  Қазақстанның барлық өңірлерінде республикалық кезең өткізілді.Нұр-сұлтан қаласында ұйымдастырылған республикалық кезең нәтижесі бойынша Шахтинск өңірінен  № 5 гимназиясының 1 сынып оқушысы Ешмағамбетова Аяжан математика пәні бойынша 1 орын,               № 1 гимназиясының 8 оқушысы Бирюков Никита ағылшын тілі пәнінен 2 орын, № 9 жалпы білім беру мектебінің 3 сынып оқушысы Шайзанда Ақбота қазақ тілі пәні бойынша 2 орын иеленіп жүлдегер атанды.

Қатысушылар  «BILGE» халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының дипломдарымен, мадақтамаларымен марапатталып, жүлделі орын алған оқушыларға «Кемеңгер», «Білімді» медальдары  табыс етілді.   

Подробнее...  

     2019 жылдың 23 мамырында «Шахтинск қаласының № 5 гимназиясы» КММ түлектері «Ақ тырна» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл қайырымдылық шарасы отбасыларына жатпайтын және балалар үйлерінде тәрбиеленетін балаларға көмектесу үшін күштер мен құралдарды біріктіруге арналған. Бітірушілер оны «Ақ тырна» деп атады, өйткені бұл құс кіршіксіз таза және үміт пен риясыздық белгісі болып саналады

     Мектеп түлектері Шахтинск қаласының мектептерінің түлектерін акцияға қатысуға шақырды. Барлық түлектер шақыруды қуанышпен қабылдады. Акция барысында көптеген ойыншықтар, үстел ойындары, балаларға арналған кітаптар, доптар мен басқа ойыншықтар жиналды.

Акция барысында жиналған барлық сыйлықтарды «Осакаровка ауданының Литвинск балалар үйі» КММ балаларына тапсыру жоспарланып отыр.

   Түлектер «Ақ тырна» атты бұл бастаманы ары қарай дәстүрлі жалғастыруды шешті.

Іс-шараға қатысқандардың жалпы саны шамамен 80 адамды құрады.

Подробнее...  

2019 жылдың 20-21 мамыр күндері «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 5 гимназиясы» КММ Қарағанды қаласының педагогикалық шеберлік орталығымен жасалған меморандум аясында семинарлар реті өтті. Семинарға 100 адам қатысты: білім беру ұйымдарының директорлары, білім бөлімінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері. Семинар барысында келесі сұрақтар талқыланды: мектепте білім беру сапасын арттыру, сабақты, lesson study жоспарлау. Семинар ретін ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Ольга Георгиевна Сурначеваға және Қарағанды облысының педагогикалық шеберлік орталығы филиалының  қызметкерлеріне шексіз алғыс білдіреміз.

Подробнее...  

2019 жылдың 16 мамыр күні «Қарағанды қаласының Достық үйі» ХХ республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі болып өтті. Шахтинск қаласының қазақ тілінде оқытатын мектептерінің 5 – 11 сынып оқушылары арасында жеңімпаз атанған 5 оқушы қатысты.

Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Шахтинск қаласының төмендегі оқушылар марапатталды: «Ұлылар әлемі» бағыты бойынша  «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ 8 сынып оқушысы, Арапбаева Назира – сертификат, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ 5 сынып оқушысы, Тилеу Али - мадақтама, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша – «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ 9 сынып оқушысы, Нурпайзов Берик – мадақтама, «Абайдың қара сөздері» бағыты бойынша – «№5 гимназия» КММ 6 сынып оқушысы, Мирбекқызы Аружан – ІІІ дәрежелі диплом, «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша – «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ 10 сынып оқушысы, Имангалиева Айсара - ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Подробнее...  

2019 жылы 15 мамырда "Шахтинск қаласы әкімдігінің мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" КММ "Мамандықтар фестивалі" өтті. Фестиваль аясында кәсіби бағдар бойынша қалалық кеңестің отырысы өтті, онда Шахтинск аймағының кәсіби бағдар беру жұмысының қорытындысы шығарылды.

Әлеуметтік белсенді, талантты жастарды анықтау, жастардың кәсіби және шығармашылық құзыреттілігін арттыру, кәсіби, шығармашылық, қоғамдық өзін - өзі іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында, Шахтинск қаласы мектептерінің 8-11 сынып оқушыларымен "Көлік ісі", "Ас даярлау технологиясы", "Көлік жөндеуші слесарь", "Шаштаразшы-әрлеуші", "Дәрігерлік  білім негіздері" салалары бойынша МОӨК жұмысы ұсынылды.

"Технология" және "Көркем еңбек" пәні бойынша жұмыстың қорытындысы дефиле түрінде өткізілді. Балалар жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері қонақтарды қуантты. Фестивальден кейін кәсіби алаңдарда оқытушылар мен оқушылар мастер-класстар өткізді.

Фестиваль биікте өтті және ешкімді бей-жай қалдырмады.

Подробнее...  

2019 жылдың 03 мамыр күні сағат 12-00-де "Шахтинск қ. № 6 жалпы білім беру мектебінде " Шахтинск өнірінің  "Жас Ұлан" Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына енудің салтанатты рәсімі өтті. "Жас Ұлан" күні биылғы жылы "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы жастарына, сондай-ақ  біздің республикамыздың астанасы "Нұр Сұлтан" қаласының ерекше мәртебесіне  арналады.

          Осы іс-шараның мақсаты қалада "Жас Ұлан" Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымын насихаттау болып табылады. Оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық белселділігін арттыру. Биыл біздің қаланың 158 үздік оқушысы "Жас Қыран" РҚБ ББЖҰ қатарына қабылданды.

          "Жас Ұлан" күні Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын негізге ала отырып, балалардың қоғам, Отан, мектеп,мұғалімдер, достар, ата-аналар алдындағы жауапкершілік принциптерін шағын жастан бастап тәрбиелеуді білдіретін қала балалары мен жасөспірімдерінің  өміріндегі дәстүрлі іс-шара.

Подробнее...  

2019 жылдың 30 сәуірінде  «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 2 жалпы білім беру мектебі» КММ-де әртүрлі ұлт өкілдерінің рухани-адамгершілік қасиеттері мен достық қарым-қатынастарын нығайту және қазақстандық патриоттықты дамыту мақсатында «Достық үйі - мейірімділікпен бірлікке» атты мектеп мұражайының салтанатты ашылуы болды. Мұражайдың салтанатты ашылуында құрметті қонақтар Шахан кентінің әкімі Ғ.Өмірбеков, «Шахтинск қаласының білім  бөлімі» ММ басшысы Н.Б. Онсович қатысты.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған мектеп мұражайының құрылысы жүзеге асырылды. «Достық үйі - мейірімділіктен бірлікке» мектеп мұражайы қоғамдық келісім орталығы болады. Әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы рухани-адамгершілік қасиеттерді және достық қарым-қатынастарды насихаттауды жаңа деңгейге көтереді. Мектеп мұражайының жұмысы өз елінің тарихи ескерткіштеріне, Қазақстан аумағында тұратын халқының және ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері  арттыруға бағытталған.

Подробнее...  

30 сәуірде «+1 ұрпақ» қалалық жобасының аясында «Шахтинск қаласының әкімдігінің №6 жалпы білім беру мектебі» КММ «Жас ұрпақтар диалогы» атты ашық іс-шара өткізілді.

«Жас ұрпақтың диалогы» бұл  - аға ұрпақтың өкілдерімен мектеп оқушыларының шынайы әңгімесі: болашақ мамандық туралы, әйгілі еңбек әулеттері туралы, А.Б. Балапановтың «Ұрпақтың сабақтастығы:кәсіби әулеттер» сынып сағатын -  дұрыс таңдау туралы; мәңгілік құндылықтар туралы - отбасы, махаббат, өзара түсіністік пен құрмет, Отан, әкелер мен балалар, 9 сыныпта А.А.Абдрашитовпен «Ұрпақ байланысы» туралы әңгімелесу жүргізілді: батырлар туралы, ерлік пен батылдық туралы, әскери даңқ туралы, аталарымыз бен үлкен аталарымызға алғыс туралы, кіші сыныптар Т.Ю.Сутюшева және Е.А.Латыпова мұғалімдерімен «Әр уақыттың тиесілі естелігі бар» тақырыпта сынып сағаты талқыланды.

10 сынып және АӘД мұғалімі Т.А. Ильясов ұлдар мен аталарды «Отан Қорғаушы» әскери-спорттық іс-шарасына шақырды.

Ата-аналар,аталар мен апалар әдеттегі №6 жалпы білім беру мектебінің жиі келетін қонақтарының бірі екенін ескеруге болады. Мерекелер, спорттық іс-шаралар, би сахналары мен сынып сағаттары әрдайым аға ұрпақтардың қатысуымен өткізіледі.

Ұрпақтан ұрпаққа қолөнер мен шеберлік құпиялары (шеберлік сабақтарында болғандай) беріледі, бірақ тек қана ол емес: үлкендерден кішілерге өмірлік тәжірибе, моральдық құндылықтар, моральдық қағидалар беріледі. Және ешқандай оқулық әділ және жылы сөзді, қатаң және сүйкімді көріністі, жылы қолдау мен мақұлдауды алмастыра алмайды - мұның бәрі ата-аналардан, отбасынан беріледі.

«Жас ұрпақтың диалогы» уақытты байланыстырудың жүректен жүрекке жалғасын табатын байланыс екенін тағы бір рет көрсетті.

Подробнее...  

2019 жылғы 25 сәуірде Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы тарапынан Шахтинск қаласының «Салтанат» сәбилер балабақшасы КМҚК базасында «Салтанат», «Еркетай» және «Снегурочка» сәбилер балабақшаларының «Мектеп жасына дейінгі балалның жетекші құзыреттілігін дамытуда инновациялық технологияларды кіріктіру» атты тақырыпта іс-тәжірибені қорыту бойынша семинар өткізілді.

Семинар жұмысына Теміртау, Саран, Қарағанды, Жезқазған қалалары және Абай, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров, Қарқаралы аудандарының білім бөлімдерінің сәбилер балабақшаларының әдіскерлері,  директорлары, педагог-мамандары қатысты.

Семинарда заманауи мектеп жасына дейінгі баланың дамуы үшін тек ұйымдасқан оқу-ісінде ғана емес, сонымен бірге әр түрлі деңгейдегі іс-шаралар, ойын сабақтарында, танымдық-ойын-сауық іс шараларында және т.б. әлеуметтік дағдыларын дамытуға басымдық беру арқылы қайта жаңғырту жағдайларының мәселелері қаралды.

Семинар жұмысы екі модул бойынша ұйымдастырылып (1-EDUCATIONAL FLOW және 2-WEB FEST), әріптестерге эйдетика әдістері- мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үдерістерінің ресурстарын белсенді түрде жүзеге асыру, Макото Шичида әдістемесі, МДМ-ның оқу-тәрбие үдерісіндегі кейс-технологиялар, обототехника және лего-құрастыру, ОТҮ оңтайландыру құралы ретінде «Алтын асық» мультимедиялық технологиялар, түзету (коррекциялық) жұмыстарды Кюзинер таяқшаларын пайдалану, Н.П.Гришаева технологиясы, ерте даму студиясы  әдістерін қолдану арқылы олардың креативті ойлаудың эйдетикалық әдістері сияқты инновациялық жұмыстардың жаңа нысандары ұсынылды.

Осы жұмыстардың бәрі іскерлік ойыны, челлендж, Информ-дайджест, мектеп жасына дейінгі балалардың Консилиумы, тұсаукесер – практикумдар және шеберлік сағаттары, коворкинг – экспресс сияқты жұмыс түрлерінде көрсетілді.

Семинар жұмысының шарықтау кезеңі болып балалар, педагогтар және ата-аналардың күшімен сахналастырылған «Нағыз достық» үш тілдік ертегісі қойылды.

Подробнее...  

        2019 жылы 22 сәуірде Экология күні аясында Шахтинск қаласының барлық мектепке дейінгі ұйымдары табиғатты қорғау акциясын өткізді. Акцияға мектеп жасына дейінгі 700 бала және 200 ересек адам қатысты. Кіші топтарының балаларына сабақтар, экологиялық мерекелер, ойын-эксперименттер өткізілді. Орта және ересек топтардың балалары ағаш отырғызу және флэш-мобқа қатысты. Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары кезінде 50 ағаш отырғызылды және  200-ге жуық парақшалар мен табиғатқа деген құрмет туралы буклеттер таратылды.

Подробнее...  

2019 жылдың 22 сәуір күні Шахтинск өңірінің барлық білім беру ұйымдары, нақты айтқанда 12 жалпы білім беру мектептері, 9 мектепке дейінгі мекемесі, 3 қосымша білім беру ұйымы және мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты Халықаралық Жер Ана күніне арналған «Табиғатпен дос болайық!»  қалалық экологиялық акциясына белсенді түрде қатысты.

        Акцияның І кезеңі: Екі бағыттан тұратын «Экологиялық микс». Экологиялық микстің 1 бағыты  білім-тәрбие сипатына ие - бұл экологиялық сабақтар өткізу (қамту - 8050 оқушы). Экологиялық микстің 2 бағыты  оқушылардың тәжірибелік қызметіне бағытталған, бұл  әртүрлі тақырыптық байқауларға 1-2 сыныптардың қатысуы, 3-5 сыныптар «Шахтинск - сүйікті қалам!» акциясын өткізеді (шағын аудандар және қалалық тұрғындарына жаднамалар тарату), 6-9 сыныптар «Менің таза аулам» еңбек десантына, 10-11 сыныптар - «Ласточка» балабақшасының аумағын (27 ықшам ауданы) жинау бойынша еңбек десантына қатысты (қамту – 7185 оқушы).

        Акцияның ІІ кезеңі 2019 жылдың 23-26 сәуір күндері білім беру ұйымдарында «Живи, Земля, Живи!» ұранымен өтеді. Конкурстық іс-шаралар, жобаларды қорғау, экскурсиялар өткізу жоспарланды.

        Акцияның «Жер - ол менің және сенің анаң» қалалық экологиялық квестімен 2019 жылдың 26 сәуір күні аяқталады.

Подробнее...  

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында 2019 жылдың 9-11 сәуір күндері Қарағанды қаласында «Конструктивное решение» ЖШС фирмасымен «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар ұйымдастырылды және өткізілді. Аталған облыстық семинарға Балқаш, Приозерск, Шахтинск қалаларының білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдарының 18 қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыста өз білімдерін арттырды, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйренеді. Семинар аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.

Подробнее...  

2019 жылдың 3 сәуірі «Мен әлемді танимын!» атты макеттер байқауы өтті. Жалпы білім беру мектептерінің мектепалды сыныптарың тәрбиешілері балалармен бірлесіп әр түрлі тақырыпта жасалған макеттерді ұсынды. Байқауға 7 адам қатысты.

         Тәрбиешілер ұсынған макеттер тәжірибелік  материалдардан жасалған, оларды қолдану кезінде көпфункционалды, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі-түсті жасалған. Педагогтердің қаншалықты дарынды екенін кезекті рет байқадық.

          Байқаудың нәтижесі бойынша орындар келесідей үлестірілді: I орын – А.А. Кушекова және С.З. Баймбетова «Теледидар» макеті,  Г.В. Фомина «Мой город»  макеті, II орын  – Н.М. Гарипова «Лес чудес» макеті, О. О. Эшмаханова «Туған өлкем» макеті,  III орын – Г. Хатшибай «Мен ғарышкер болғым келеді» макеті. Байқаудың ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға алғыс білдіреді.

Подробнее...  

2019 жылғы 29-30 наурыз аралығында Қарағанды қаласында «Жастар» спорттық кешенінде робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар  V  Халықаралық «RoboLand 2019» фестивалі өтті.

Халықаралық «RoboLand 2019»  фестиваліне Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Италия мемлекеттері қатысты.

Шахтинск қаласынан Балалар-жасөспірімдер орталығы, № 7 жалпы білім беру мектебі және «Салтанат», «Снегурочка» сәбилер-балабақшаларынан  6 категория бойынша 8 команда қатысты.

Шахтинск қаласы 3 жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ: балалар және жасөспірімдер орталығының  FRET командасы «Roboland-Friendship» категориясы бойынша-1 орын,  RoboKids командасы Собери робота LEGO WeDo категориясы бойынша-1 орын және «Снегурочка» сәбилер-балабақшасының ROBO STEM командасы «STEM ROBOT MOUSE» категориясы бойынша 1 орынды иеленді.

Подробнее...  

2019 жылдың 19 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  және Шахтинск қаласының «Березка» сәбилер-балбақшасы» КМҚК базасында "Зерек" жобасының аясында «Сөз шеберханасы» облыстық семинар – практикум өтті.

Семинарда балалармен , педагогтармен, ата-аналармен жұмыстың инновациялық формалары ұсынылды , "Қазақ тілін үйрену "Тілді үйрену оңай", "Көңілді тапсырмалар","Дене-бағытталған техника өзіне оң көзқарасты қалыптастыру құралы ретінде", "Wilbarger Protocol грамотасын оқытудағы сенсорлық интеграция" , "Тіл мен дикцияны жаңылтпаш арқылы дамытамыз", "Балаларды рифммен ойнауға үйретеміз", "Поэтикалық минут", "Қызықты криптограмма", мектепке дейінгі балаларға арналған перфокарталар, "FanFiction жанрындағы шығарма", "Хат құрастыру" (эпистолярлық өнер),"Шығармашылық экспериментаждау","Шығармашылық эксперимент","Қызықты этимология немесе сөз құпиялары" тақырыбында.

Семинар жұмысы оқу қызметін оңтайландыруға, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әлеуетін сақтау мен дамытуға, шаршаудың алдын алуға, жоғары оқу уәждемесін дамыту мен қолдауға, балаларда аналитикалық қызмет дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылау, сондай-ақ алған білімдерін сабақта және әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдануға бағытталған.

Іс-шараға Қарағанды, Теміртау, Сарань, Шахтинск қалаларының және Жаңаарқа, Бұқар-жырау, Нұра, Осакаровка, Қарқаралы және Шет аудандарының педагогтары семинарға келді.

Семинар соңында "Зерек" жобасы аясында әдістемелік ұсыным әзірленді.

Подробнее...