Мемлекет басшысының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау туралы тапсырмасына сәйкес 2019 жылы 23 ақпанда Шахан кентіндегі №12 жалпы білім беретін мектебінде «Жаңартылған білім – бәсекеге қабілеттіліктің бастауы» тақырыбында семинар – практикум өтті. Аталған іс-шараның мақсаты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен алмасу болды.

Семинар туралы қатысушылар оңтайлы пікірлер қалдырды. Білім беру мектептерінде осындай семинарлардың өткізілуі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесінің енгізілуі педагогтердің кәсіби өсуіне ықпал ететінде атап көрсетті.