2019 жылғы 18-23 ақпан аралығында Шахтинск қаласының жалпы білім беру мектептерінде «Экономика барлығымыз үшін» жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық күні» акциясы өтті.

Акция мақсаты- оқушылардың бойына қаржылық мәдениет қалыптастыру болып табылады.

Қаржылық сауаттылық күні қарсаңында Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарында тақырыптық қабырға тақталары, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сынып сағаттары, экономикалық ойындар, дәрістер мен әңгімелесулер ұйымдастырылды.

Акция аясында мектеп оқушылары жетістікке жеткен кәсіпкерлермен, банк қызметкерлерімен кездесті. Оқушылар өз сұрақтарына жауап алса, кәсіпкерлер мен банк қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Қаржылық сауаттылық күні» акциясы Шахтинск қаласы мектептерінде жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.

23 02 2019 123 02 2019 2