2019 жылдың 12 наурызы күні  «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 9 ЖББМ» КММ Қорғаншылық кеңестің 3 отырысы өткізілді.  Отырысқа қатысқандар: Қорғаншылық кеңестің төрайымы және 10 мүшесі, қатыспағандар болған жоқ.

    Күн тәртібінде қаралды:

  1. Наурыз мерекесіне  дайындық туралы.
  2. Мектеп оқушыларының көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздігі.

Шешімі:

1. Мектепте өткізілетін Наурыз мерекесіне арналған дайындық өз уақытында өткізіліп, мерекелік іс-шара 2019 жылдың 18 наурызда өз мәнінде тойлансын.

2. 1-11 сыныптар оқушыларының көктемгі  демалыс кезіндегі  жағдайын сынып жетекшілер үнемі қатаң бақылауда ұстасын және бұл жөнінде мектеп әкімшілігіне апта сайын хабарлап отырсын. Оқушыларды көктемгі демалыс кезінде әр түрлі іс-шараларға қатыстырылсын және жоспары әзірленсін.