2019 жылдың 9 наурызында  «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 12 жалпы білім беру мектебі» КММ Қамқоршылар Кеңесінің №3 кезекті отырысы өтті.  Жиналысқа қатысқандар: Қамқоршылар Кеңесінің 11 мүшесі, қатыспағандар жоқ.

Күн тәртібінде қаралды:

  1. Аз қамтылған санатындағы көмекке мұқтаж отбасылар мен олардың балаларына қайырымдылық көрсету бойынша жүргізілген жұмыстар есебі.
  2. 22 наурыз Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуде  ұйымдастыруға қолдау көрсету.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің дауыс беруi бойынша мынадай шешiмдер қабылданды:

1. Аз қамтылған санатындағы көмекке мұқтаж отбасыларының балалары Рузимуратова Ақсауле, Рузимуратова Фатима, Рузимуратова Зухралар мен Касенов Дидар,  Касенов Дархан, Касенов Даниярлар және тұрмыс жағдайы өте төмен отбасы балалары Алпысбай Әрсен мен Алпысбай Әсеттерге материалдық және қаржылай көмек көрсету алдағы уақытта да өз жалғасын тапсын.

2. Мектептің биылғы 22 Наурыз мерекесі кезінде және алдағы мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруда қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан қаржылай көмектер қарастырылып, демеушілер тарту жұмыстары қолға алынсын.