2019 жылдың  6 мамыры  күні  «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 9 ЖББМ» КММ Қорғаншылық кеңестің 4 отырысы өткізілді.  Отырысқа қатысқандар: Қорғаншылық кеңестің төрайымы және 10 мүшесі, қатыспағандар болған жоқ.

    Күн тәртібінде қаралды:

1. «Соңғы қоңырау» мерекесіне  дайындық туралы.

2. Мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі және мектеп жанындағы лагерь мен алаңның дайындығы туралы.

         3. Жаз айындағы мектептің жөндеу жұмыстарына дайындық туралы.

Шешімі:

1. Мектепте өткізілетін «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған дайындық өз уақытында өткізіліп, мерекелік іс-шара өз мәнінде тойлансын.

    2. Екінші мәселе бойынша, 0-11 сыныптар оқушыларының жазғы  демалыс кезіндегі  жағдайын сынып жетекшілер үнемі қатаң бақылауда ұстасын және бұл жөнінде мектеп әкімшілігіне апта сайын хабарлап отырсын. 0-8 сынып оқушыларын жазғы демалыс кезінде мектептегі лагерь мен алаңға ұйымдастырылатын әр түрлі іс-шараларға қатыстырылып және мектеп жанындағы лагерь мен алаңның  жоспары әзірленсін және жүзеге асырылсын.

3. Жаз айларында мектепте өткізілетін жөндеу жұмыстары  өз уақытында өткізіліп, мектептің дайындығы қамтамасыз етілуі жөніндегі жұмыстарын одан ары жалғастырсын.