2019 жылдың 4 мамыры күні «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 12 жалпы білім беру мектебі» КММ Қамқоршылар Кеңесінің №4 кезекті отырысы өтті.  Жиналысқа қатысқандар: Қамқоршылар Кеңесінің 11 мүшесі, қатыспағандар жоқ.

Күн тәртібінде қаралды:

  1. Қамқоршылық кеңесінің өткен отырыс шешіміндегі жұмыстардың

қорытынды есебі.

  1. ҰОС мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсету және аз қамтылған

әлеуметтік жағдайы төмен көмекке мұқтаж отбасы балаларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртындағы жазғы лагерьлерде демалуына жағдай жасау.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің дауыс беруi бойынша мынадай шешiмдер қабылданды:

1.ҰОС мен тыл ардагерлеріне қамқорлық кеңесі тарапынан құрмет

көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталсын.

2.Көп балалы және жалғыз басты ананың балалары Алпысбай Арсен мен

Алпысбай Асеттердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға қаржылай көмектер қарастырылып, демеушілер тарту жұмыстары жұмыстары жүргізілсін.