64888

     2019 жылдың 23 мамырында «Шахтинск қаласының № 5 гимназиясы» КММ түлектері «Ақ тырна» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл қайырымдылық шарасы отбасыларына жатпайтын және балалар үйлерінде тәрбиеленетін балаларға көмектесу үшін күштер мен құралдарды біріктіруге арналған. Бітірушілер оны «Ақ тырна» деп атады, өйткені бұл құс кіршіксіз таза және үміт пен риясыздық белгісі болып саналады

     Мектеп түлектері Шахтинск қаласының мектептерінің түлектерін акцияға қатысуға шақырды. Барлық түлектер шақыруды қуанышпен қабылдады. Акция барысында көптеген ойыншықтар, үстел ойындары, балаларға арналған кітаптар, доптар мен басқа ойыншықтар жиналды.

Акция барысында жиналған барлық сыйлықтарды «Осакаровка ауданының Литвинск балалар үйі» КММ балаларына тапсыру жоспарланып отыр.

   Түлектер «Ақ тырна» атты бұл бастаманы ары қарай дәстүрлі жалғастыруды шешті.

Іс-шараға қатысқандардың жалпы саны шамамен 80 адамды құрады.