64888

2019 жылдың наурыз айынан мамыр айына дейінгі аралықта «BILGE» халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Bilgen Baige», «Bilgen Alaman» пәндік олимпиадаларының мектепшілік, қалалық, облыстық кезеңдері өткізілді. Мамыр айының 10-12 аралығында 4 кезеңге өткен оқушылар үшін  Қазақстанның барлық өңірлерінде республикалық кезең өткізілді.Нұр-сұлтан қаласында ұйымдастырылған республикалық кезең нәтижесі бойынша Шахтинск өңірінен  № 5 гимназиясының 1 сынып оқушысы Ешмағамбетова Аяжан математика пәні бойынша 1 орын,               № 1 гимназиясының 8 оқушысы Бирюков Никита ағылшын тілі пәнінен 2 орын, № 9 жалпы білім беру мектебінің 3 сынып оқушысы Шайзанда Ақбота қазақ тілі пәні бойынша 2 орын иеленіп жүлдегер атанды.

Қатысушылар  «BILGE» халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының дипломдарымен, мадақтамаларымен марапатталып, жүлделі орын алған оқушыларға «Кемеңгер», «Білімді» медальдары  табыс етілді.