64888

2019 жылдың мамыр айының 23-24 аралығында Қарағанды қаласында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Шаг» компьютерлік Академиясымен бірлесіп, оқушылардың шыңғармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «ITeens 2019» облыстық байқауын ұйымдастырды. Облыстық байқау аясында  бағдарламалау бойынша олимпиада және балалар білімдік  хакатоны ұйымдастырылды.

Шахтинск өңірінен бағдарламалау бойынша олимпиадаға № 1 гимназия 8 сынып оқушылары Виниченко Антон және  Тасмасыс Данил, ал   Хакатонға  № 1 гимназия 8 сынып оқушысы  Султанов Денис қатысты. Байқау нәтижесіне сәйкес, «3D моделировании» номинациясы бойынша Султанов Денис 2 орын иеленді.