64888

2019 жылы 1 маусымда "Балаға мейірімді қала" бастамасы аясында Шахтинск қаласында келесі іс-шаралар  өтті : "Балалар музыкалық оркестрлерінің шеруі" қалалық мерекесі, "Ура! Зажигает детвора" көңіл көтеретін қалалық бағдарламасы  ( "Сиқырлы ойын алаңдары" жұмыс істеді: "Сабын көпіршіктерінің шоуы",  музыкалық алаң, би флешмобы, ұлттық ойындар (асық, бестас, тоғызқұмалақ), аквагрим,  "Шеберлер қаласы" (тастанды материалдардан бұйымдар жасау), "Полиглотик" (викториналар үш тілде), "Виртуозные гонки" (самокаттар мен велосипедтердегі эстафета), ғылыми -техникалық бағыттағы үйірмелер жұмыстарының көрмесі (кеме моделизм және робототехника), кітап алаңы ( Шахтинск қаласының балалар кітапханасы ұйымдастырды). И.Әубакіров атындағы балалар көркемсурет мектебі қызықты шеберлік -сыныптар өткізді: қыш шеңберде құмыраны дайындау, линогравюра, табиғаттан сурет салу, кескіндеме.

Мектеп командалары бойынша шағын футбол мен «Асық ойыны» жарыстары ұйымдастырылды.

          Балалар музыкалық мектебі және Балалар -жасөспірімдер орталығы өздерінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырды және өткізді.

          Сонымен қатар, балалар -жасөспірімдер орталығы мен қала мектептері (№ 1 гимназия, № 3 ЖББМ, № 5 гимназия, № 6 ЖББМ, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей) қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізді. Жиналған қаражат "Дені сау қоғам -2050" мүгедектердің қоғамдық бірлестігіне жіберілді.