64888

Қазақстанда 2016 жылдан бастап білім беру жүйесі өзгеріске ұшырауда. Бұл ғылым мен техниканың, ақпараттық кеңістіктің даму динамикасына негізделген сөзсіз процесс.

          Адам мобильді және нәтижелі болуы керек, кәсіптік бағдарды тез өзгертуге мүмкіндігі болу керек, өзгермелі технологияларды игеруге дайын болуы керек.

Осының барлығы мектеп оқуына қойылатын талаптарды айтарлықтай өзгертті. Адамның тиімділігі оның алған білімдерінің санын емес, ол ұстанған дағдылардың әртүрлілігін және оларды қолдану мүмкіндіктерін анықтайды.

Шахтинск қаласының жалпы білім беретін мектептерінің барлық сыныптарында білім берудің жаңартылған мазмұны

       2016-2017 оқу жылында Шахтинск қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде 1-сыныптардың білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жүзеге асырылды.

        2017-2018 оқу жылынан жаңартылған білім мазмұнына 2, 5, 7 сыныптар өтті.
        2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті.

        Осылайша, 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8 сыныптар білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті.


       2019-2020 оқу жылына 4, 9, 10 сыныптарды көшіру жоспарланып отыр.

        2020-2021 оқу жылы кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптарында білім берудің жаңартылған мазмұнына толық көшу жүзеге асырылатын болады, бұл Шахтинск аймағының жалпы орта білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушыларының 100% қамтылуын құрайды.