64888

БЕКІТЕМІН

«Шахтинск қаласының

білім бөлімі» ММ басшысы

_____________Н.Онсович

2019 ж. «___»___________

 

 

 

 

 

 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Әдістемелік кабинетінің

меңгерушісі

___________Д.А. Сатемирова

2019 ж. «___» _____

 

Оқушылардың ғылыми жобалар конкурсын қалай өткізуге болады?

 

Оны табысты өткізу үшін іс-шаралардың тұтас кешенін жүзеге асыру қажет: 8-11 сыныптарда оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыруға, оның мақсаттары мен міндеттеріне арналған жиналыс өткізу; қызығушылықтары бойынша үздік үйірмелер мен клубтарға өз жұмысындағы жетістіктер туралы сөз сөйлеуді дайындау; қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық оқушылардың ғылыми жобалар конкурстарына, конференцияларға, слеттерге, олимпиадаларға қатысушыларға өз жұмысы туралы айтуды ұсыну; барлық секцияларға секциялар бейіні бойынша қабырға газеттер мен бюллетеньдер дайындау (немесе үздік газетке конкурс өткізу); ғалымдарды, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін, ғылым, мәдениет, өнер қызметкерлерін шақыру; үздік рефераттар, қолдан жасалған оқу-көрнекі құралдар, оқушылардың техникалық және қолданбалы шығармашылығы, шығарма және оқушылардың шығармашылық жұмыстары көрмесін ұйымдастыру.

Мектептің ғылыми жобалар конкурстарына секция отырыстарында іріктелген үздік жұмыстар қатысады.

Негізгі орган мектеп конференциясы болып табылады, оны қыркүйек айында (бір жылға ғылыми жобалардың тақырыптарын бекіту), мамыр айында (аяқталған ғылыми жобалардың қорытындысын шығару, жобаларды қорғау) өткізу қажет.

Ғылыми жобалар конкурсының І кезеңінің (мектептік) жеңімпаздары II кезеңге (облыстық) оқушылардың ғылыми жарыстарына қатысады.

ОҒҚ мүшесінің жеке жұмысы - бірінші көздермен, қосымша әдебиеттермен өзіндік сабақтар, тапсырмаларды орындау, ғылыми зерттеу тақырыбымен жұмыс.

Секциялық жұмыс эксперименттерді құру және өткізуді, реферат жұмыстарын талқылауды, ғылыми-зерттеу, іздеу, рационализаторлық және өнертапқыштық ұсыныстарды қорғауды қамтиды.

ОҒҚ-дағы жаппай жұмыс - бұл жалпы жиналыстар, конференциялар, конкурстар, олимпиадалар, фестивальдер, байқаулар, слеттер, ғалымдармен, мамандармен кездесулер, тақырыптық кештер, көрмелер, экскурсиялар ұйымдастыру, ғылыми және ЖОО зертханаларына бару, ғылым, техника апталарына, басқа да бұқаралық шығармашылық істерге қатысу.

Мектепте ОҒҚ бұрышы болуы керек, онда эмблема, жарғы, жұмыс жоспары, ОҒҚ кеңесінің тізімі, шығармашылық жұмыстардың сипаттамасы, конкурстардың, олимпиадалардың қорытындылары туралы ақпарат, ОҒҚ жұмысына байланысты хабарландырулар болуы тиіс.

Мектеп ОҒҚ жарғысы оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ережеге және ол құрылатын оқу орнының ерекшелігіне қарай әзірленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Оқушылардың ғылыми қоғамы (бұдан әрі ОҒҚ) - бұл оқушы жастардың өз ой-өрісін дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын игеруге, ғылымның белгілі бір салаларында өз білімдерін жетілдіруге ұмтылатын ерікті шығармашылық бірлестігі.

2. ОҒҚ білім беру мекемелерінде құрылады, өз атауы, эмблемасы, ұраны, дәстүрі бар.

3. ОҒҚ жекелеген секцияларды, ғылыми үйірмелерді, клубтар мен қоғамдарды ғылымның түрлі бағыттары бойынша қамтуы мүмкін.

4. Оқушылардың ғылыми қоғамдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» РҒПО нормативтік - құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

5. ОҒҚ қызметіне ұйымдастырушылық басшылықты ол құрылған мекеменің басшысы жүзеге асырады.

 

2. ОҒҚ мақсаттары мен міндеттері

 

6. ОҒҚ негізгі мақсаттары мен міндеттері:

оқушылардың ғылыми зерттеулерге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, ғылыми зерттеу әдістеріне үйрету, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу;

оқу мекемелеріне оқушыларды тәрбиелеуде, олардың жан-жақты дамуына, еңбекке шығармашылық көзқарасын, белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымдарын, жоғары адамгершілік қасиеттері мен рухани мәдениетін қалыптастыруда белсенді түрде жәрдемдесу;

мектеп бітірушілердің тиімді кәсіби бағдарын және кәсіби іріктеуіне ықпал ету.

3. ОҒҚ жұмысын ұйымдастыру

 

7. ОҒҚ мүшелері осы қоғамда жұмыс істеуге ниет білдірген және бағыттар бойынша мұғалімдер, пәндік бірлестіктердің жетекшілері ұсынған оқушылар бола алады.

8. ОҒҚ-ның жоғары органы әдетте жылына бір рет өткізілетін қоғам мүшелерінің сессиясы болып табылады.

9. Сессияларда оқу жылына арналған міндеттер анықталады, қорытындылар шығарылады, жекелеген секциялардың немесе қоғам мүшелерінің жұмысы туралы есептер тыңдалады, жұмыс жоспарлары бекітіледі және басқа да шешімдер мен құжаттар қабылданады.

10. Сессиялар арасындағы ОҒҚ жұмысына басшылық жасауды онда сайланған үйлестіру кеңесі жүзеге асырады, оған оқушылар (ОҒҚ мүшелері), педагогикалық және ғылыми қоғам мен ОҒҚ қызметіне қатысатын әр түрлі ұйымдардың өкілдері кіреді.

11. Мамандар, ғалымдар мен мұғалімдер ОҒҚ-да келісім шарт бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қоса атқару бойынша жұмыс істейді.