64888

2019 жылғы 17 қыркүйек күні «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 9 жалпы білім беру мектебі» КММ негізінде Қарағанды облысы білім басқармасының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі  № 413 бұйрығы негізінде 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы ХІІ Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өтті, қалалық кезеңге  36 оқушы қатысты.

          Олимпиада қорытындысы бойынша 12 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

          Облыстық кезеңге келесі оқушылар жолдама алды: математика пәнінен   Ә.Бөкейханов атындағы  мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Нұрлан Нияз, биология пәнінен Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Имангалиева  Айсара.

          Қалалық кезеңнің барлық жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.