64888

Жыл сайын 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде республикада дәстүрлі түрде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Осы жылы акцияның ұраны – «Жүректен жүрекке!».

Бұл акцияны өткізу мақсаты – біліммен қамтылмаған балаларды анықтау, әлеуметтік қорғалмаған отбасының мектеп оқушыларына оқу жылының басталуына дайындық бойынша материалдық қолдау көрсету, әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмей қалуына ескерту жасау.

Жыл сайын Шахтинск өңірі бойынша акцияға мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдық қорлар, үкіметтік емес ұйымдар, меценаттар мен демеушілер, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.

Акцияны өткізу барысында балаларға оқу жылының басталуына дайындалу үшін көмек көрсету бойынша түрлі шаралар өткізілді: «Жұмыспен қамту», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтерін ұйымдастыру, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларға көмек көрсету үшін мектеп-жазба құралдарын қабылдау орындарының ашылуы.

2019 жылы 23 шілдеде Қарағанды облысының білім басқармасында «Мектепке жол» республикалық акциясының ашылу салтанаты өтті. Аталған конференцияға Шахтинск қаласының жеке кәсіпкерлері белсенді қатысты, олар Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдарының балаларына қайырымдылық көмек көрсетті: Дмитрий Сергеевич Павленко, «ARDCON» ЖШС; Надежда Павловна Венгрова, «ДДС-Плюс» ЖШС; Ирина Николаевна Куликова, «КУЛИКОВА» ЖК; Аскар Канатбекович Балтабаев, «Балтабаева» ЖК. Сонымен қатар, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 2019-2020 оқу жылына 453 оқушыға 2 599 245 теңге сомада көмек көрсетілді. Қайырымдылық көмекті өңірдің мемлекеттік мекемелері, кәсіпкерлері, демеушілері бюджеттен тыс қаражат есебінен көрсетті.

Акцияны өткізу кезеңінде Шахтинск өңірінің барлық білім беру ұйымдарында әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға көмек көрсету бойынша іс-шаралар, жаңа оқу жылының қарсаңында оқушыларға сыйлықтар беру бойынша қайырымдылық акциялар өткізілді.

Оқушылардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармайтын балаларды анықтау бойынша 710 рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейдтік іс-шаралар шеңберінде 510 тұлға белсенді қатысты: білім беру және балалардың құқықтарын қорғау ұйымдарының 436 өкілі, ішкі істер бөлімінің 31 қызметкері, халықты әлеуметтік қорғау органдарының 1 өкілі, ҮЕҰ 2 өкілі, ата-аналар қауымдастығының 32 өкілі, қаланың үкіметтік емес ұйымдарының 2 өкілі. Рейд қорытындысы бойынша мектепке бармаған балалар анықталған жоқ.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында «шұғыл байланыс» телефондары, қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істеді, оларға көмек немесе кеңес қажет отбасылар мен балалар жүгіне алады. Әр мектепте іс-шаралар жоспары, ақпараттық стенд әзірленді.

Республикалық акцияны өткізу кезінде білім бөлімі және өңірдің жалпы білім беру мектептері «Шахтинский вестник» газетінде «Мектепке жол» акциясын өткізу барысы туралы 10 мақала жариялады. 

Шахтинск қаласында «Мектепке жол» акциясы ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру, сонымен қатар білім беру ұйымдарының мемлекеттік емес құрылымдармен, оның ішінде қоғамдық, жеке меншік ұйымдармен және меценаттармен өзара іс-қимылын жандандыру, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету мәселелерін шешу мақсатында өткізілді.

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ және Шахтинск өңірінің барлық білім беру ұйымдары осы акцияға немқұрайлы қарамағандарға, балаларға көрсетілген баға жетпес көмек үшін, белсенді азаматтық ұстаным үшін зор алғысын білдіреді. 

 

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

жалпы орта білім беру және

мемлекеттік қызмет көрсету секторы