64888

     2019 жылғы  3 қазан күні «ЭКОсағат» республикалық акциясы өткізілді.

    Аталған акция «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ бекітілген ЭКОсағатты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары, педагогтар, ата-аналар қоғамдастығы және әр мектептен шақырылған қоғам қайраткерлері, жеке кәсіпкерлер, еңбек ардагерлері т.б. танымал адамдардың қатысуымен кең көлемде ұйымдастырылды.

Экосағат негізінде барлық білім беру ұйымдарында оқушылармен табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау  мәселелерін талқылай отырып, сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шараға Шахтинск қаласының әкімі Сержан Жанабекович Аймаков және Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Кайыржан Каримович Тлеубергенов қатысты.

Экосағат әрбір мектепте ағаштар отырғызумен, сондай-ақ балалардың, педагогтар мен ата-аналардың қатысуымен басқа да іс-шараларды ұйымдастырумен аяқталды.

Акция аясында Шахтинск өңірінің барлық мектептерінің аулаларында 218 түрлі ағаш көшеттері мен шыршалр отырғызылды.

  Аталған акцияға жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш, орта, жоғары сынып оушыларынан құралған 3000 нан астам оқушы, 300 ден астам педагогикалық ұжым және ата-аналар қатысты.