64888

2019 жылғы 3 қазанда Шахтинск қаласының «Іңкәрім» мектепке дейінгі академиясы» жаңа жеке меншік балабақшасында «Балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына электронды тіркеу» тақырыбына ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды өткізілді. Бұл   іс-шараға мектепке дейінгі академияға орын алуға кезекте тұрған балалардың ата-аналары қатысты. Жиналысты өткізу барысында ата-аналарға Шахтинск қаласының білім бөлімінің жаңа порталы арқылы электрондық жолдама алу және балаларды қабылдау бойынша нұсқаулықтар берілді garden.shahtinsk-edu.gov.kz. Жиналыс соңында барлық ата-аналар осы интернет-порталдың жұмысы туралы толық ақпарат жазылған кітапшаларға ие болды, электрондық қызметтерді көпшілікке тарату бойынша буклеттер, Digital agent парақшалары таратылды. Барлығы 50 адам қамтылды.