8(72156)64888

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 2020 жылғы  1 сәуірдегі №123 бұйрығы негізінде Шахтинск өңірінің жалпы білім беру мектептерінде 2020 жылғы 6 сәуірден бастап төртінші тоқсанның басынан бастап қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, мектепалды, 1-11 сынып оқушыларын оқыту басталды.

       Қашықтықтан оқытуды жүргізу үшін жалпы білім беру мектептері  Daryn.online.kz және Googl Classroom технологиялар қолданады.

Білім беру процесіне қатысушылар білім беру платформаларына және басқа да электрондық көздерге (бейне сабақтар, дербес   онлайн-жұмыс, электрондық журнал, веб-сабақтар, ЕЛ АРНА, Balapan арналарында телекоммуникациялық желілер арқылы теледидар сабақтарын қазақ және орыс тілдерінде көрсету) тегін қолжетімділікті пайдаланады. Білім беру үдерісінің барлық қатысушылары білім беру платформаларына қол жеткізе алады.