8(72156)64888

Қазақстан – 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын көпұлтты ел. Осы халықтарды біріктіру үшін ел Үкіметі түрлі іс – шаралар өткізеді, олардың бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау. Қазақстан халқының бірлігі күні аясында Шахтинск қаласының жалпы білім беру мектептерінде 1-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан «Бірлік пен келісім» сынып сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілер презентациялар, бейнероликтер және ақпараттық буклеттер түрінде ақпарат ұсынды. Бастауыш сынып балаларының арасында эстетикалық тәрбиенің жалпы мәдени дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Біз бәріміз әртүрліміз…» онлайн сурет байқауы өтті. Балалар Отанға, достарға, отбасына деген қарым-қатынасты жарқын суреттермен көрсетті.