8(72156)64888

Оқу жылының аяқталуы және «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Соңғы қоңырау барлық оқушылар үшін көптен күткен мереке. Атаулы күн оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалыстың басталуы болып табылады. Жазғы демалысты жақсы өткізіп, мектепке демалып, мықты болып келулеріңізді тілеймін. Осы жаз барлығымызға ұмытылмастай қызықты, шуақты күндерге толы, жадыраңқы көңіл-күй сыйласын. Оқу жылында қарбалас істер, жарқын мерекелерді бастан өткердік. Алғашқы рет ҚР Білім және ғылым министрлігімен пандемияға байланысты оқушыларды төртінші тоқсаннан бастап қашықтықтан білім беру технологиясымен оқыту бойынша шешімі қабылданды. Осы жағдай барлық білім беру жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Осы қиын кезеңде бірлесе атқарған жұмыс үшін алғыс айтамын. Биылғы оқу жылында жан-жақтын жаңа білімге қол жеткіздіңіздер, алдағы оқу жылы да жаңа белестерге жеткізеді деп сенемін! Барлық мектеп оқушыларының ата-аналарына алғыс айтамын. Әр балаға ата-ананың қолдауы маңызды. Ардақты ата-аналар Сіздерге шыдамдылық тілеймін! Денсаулықтарыңыз зор болсын, балаларыңыздың қуанышына бөленіңіздер! Құрметті түлектер, 2020 жыл Сіздер үшін ерекше жыл. Мектеп бітіру- өмірлеріңіздегі маңызды кезеңнің бірі. Сіздер еліміздің тағдырын, оның әрі қарай гүлденуі мен дамуына жауапкершілікті қолға алатын жаңа ұрпақсыздар. Сіздердің жігеріңіз, батылдығыңыз кез-келген тапсырманы шешуге көмектеседі деп сенемін. Құрметті ұстаздар, Сіздерге тағы бір үлкен шығармашылық жұмыстарыңыз үшін рахмет. Зор денсаулық, кәсіби қызметтеріңізге табыс тілеймін! Әрқайсыларыңызға сәттілік серік болсын! Біздің мемлекетімізде әрқашан бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу болсын.