8(72156)64888

2020 жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін Шахтинск өңірінің жалпы білім беру мектептерінің 1 сыныбына баланы қабылдау үшін http://school.shahtinsk-edu.gov.kz порталында электрондық өтініш бере аласыз.

         1 сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

- туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туылса);

- № 063/у нысаны бойынша баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

-  «Бала денсаулығы паспорты» № 026/у-3 нысаны бойынша баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

- баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша беріледі.

         Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген тізімге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, мектеп өтінішті қабылдаудан бас тартады.

         Сіз, 1-сыныпқа балаларды қабылдау бойынша қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне жүгіне аласыз.

 

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ