8(72156)64888

2019-2020 оқу жылында өңірімізде ауыл мектептерінің арасындағы IQanat Республикалық олимпиадасының бірінші кезеңі өтті. IQanat олимпиадасының мақсаты оқушылардың білімін шыңдау, ұлттық және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау көрсету, ынталандыру болып табылады. Аталмыш байқауға Шахан, Новодолинка, Долинка, Северо-Западный ауылдарынан 50 шақты 9 сынып оқушылары физика, математика және ағылшын пәндерінен қатысып өз бақтарын сынап көрді. «IQanat білім беру қорының» аясында олимпиада демеушісі Руслан Нуруллин Шахтинск қаласы әкімдігінің № 8 жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Каминский Никитаға олимпиаданың екінші кезеңіне дайындалуы үшін моноблок сыйға тартты. Аталған моноблокты Каминский Никитаға Шахтинск қаласы білім бөлімі басшысының м.а. Ақмарал Сиджановна Мусина табыстады. IQanat олимпиадасының екінші кезеңі маусым айында өтеді деп жоспарлануда. Екінші кезеңнен сүрінбей өткен оқушылар Республикалық кезеңге жолдама алады.