8(72156)64888

2020 жылы 15 желтоқсанда «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 6 жалпы білім беру мектебінде» "Ауған жолдарымен еске алу" мектеп мұражайының салтанатты ашылуы өтті. Мұражай жерлестеріміздің Ауғанстан жерінде жасаған ұлы ерлігіне арналған. Мұражай экспозициясында құжаттар, әскери операциялар карталары, фотоматериалдар, жеке заттар мен кітаптар, ауған ардагерлері сыйға тартқан соғыс заттары, кеңес солдаты мен ауған жасағы жауынгерінің киім-кешектерінің үлгілері сақталған. Мұражайда қаламыздың қаза тапқан жауынгерлеріне арналған материалдар орналастырылған стенд ерекше орын алады.