64888

12

САКЕН АБИЛКАИРОВНА КУРМАШЕВА – БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША  СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Телефон: 8(72156)64891

Электронды мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

сектордың бас маманың  жұмысын үйлестіреді және бағыттайды.

қаланың білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын жетілдіру және дамыту  келешегін талдайды және жоспарлайды;

білім беру ұйымдарында кешенді тәрбие бағдарламаларын орындауға бақылау жүргізеді;

балалар шығармашылығын дамыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мәдени-ағарту орталықтары, қоғамдық ұйымдармен білім беру мекемелерінің бірлескен қызметін үйлестіреді;

кәмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылықтарын алдын алу бойынша  білім беру мекемелері мен құқық қорғау органдарының  өзара іс-қимылы бойынша жұмысына бақылау жасайды;

балалар құқығын қорғау, кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік, мүлік және тұрғын-үй мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы орындайды;

жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды және оларға есеп жүргізеді;

кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау комиссиясымен,  құқық қорғау органдарымен, балалар құқықтарын қорғайтын инспекторлармен балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша байланысты орнатады,

асырап алу әкелікті/аналықты, жұмысқа қабілетсіздікті орнату рәсімдеріне бақылау жасайды;

жетекшілік ететін мәселелер  бойынша сот отырыстарында заңды өкілдері болып табылады,  кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау комиссиясының жұмысына қатысады;

қорғаншылық кеңесінің жұмысын жоспарлайды, отырыстарды дайындау және өткізуді жүзеге асырады.

ҚР мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жұмысы бақылайды, балалардың жазғы уақытында демалу жұмысы ұйымдастырады;

ҚР діни экстремизм мен терроризм алдын алу жұмысын ұйымдастырады;

мектеп формасының бірдей үлгісін бақылауды жүзеге асырады;

 «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»  мемлекеттік қызметті көрсетеді, «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетеді, «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетеді, «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік қызметті көрсетеді, «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік қызметі көрсетеді, «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетеді, өз құзыреттілігі шегінде азаматтардың өтініштерін қарастырады.

 

131

АСЕМ КЕНЖЕБАЕВНА ТОКЕНОВА – БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША  СЕКТОРЫНЫҢ  БАС МАМАНЫ

Электронды мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Телефон: 8(72156)64891

балалар құқығын қорғау, кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік,    мүлік және тұрғын-үй мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы орындайды;

мұқтаж балалар санатына әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды орындауға бақылау жүргізеді;

жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз балалар, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар үшін мерекелер дайындау және өткізу;

Қазақстан Республикасының шегінен тұрғылықты тұру орнына кәмелетке толмағандарға қорытынды береді;

балалар құқығын қорғау, кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік, мүлік және тұрғын-үй мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы орындауды бақылайды;

пәтер дау мәселелері, кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты орнын анықтау, ата-аналарынан жеке тұратын кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге қатысу мәселелері бойынша  сот отырыстарын қатысу;

жалпы орта білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагогтер мен психологтардың жұмысын бақылайды;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру мәселелері бойынша әлеуметтік педагогтерге, мектеп инспекторларына әдістемелік көмек көрсетеді;

жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу, тұрмыстық зорлықты, аутодиструквтивті мінез-құлықты алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен іс-шаралар әзірлейді, олардың орындалуына бақылау жасайды. Бөлімбасшысының қарамағындағы  алдын алу Кеңесінің жұмысын ұйымдастырады;

балалар мен жасөспірімдердің,  өмірдің қиын жағдайына түскен және әлеуметтік қиын жағдайдағы балалардың құқықтарын қорғауын сақтауға бақылау жасайды;

оқушылардың психикалық және әлеуметтік амандықты сақтауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырады, жағымды моральді-психологиялық ахуалды құруды қамтамасыз етеді;

әлеуметтік бейімдей алмау туындағанда алдын алады,  психологиялық көмек көрсету шараларын қабылдайды (психикалық түзету, қайта емдеу, кеңес беру);

жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемелкеттік мекемеге орналастыруды жүзеге асырады;

облыс әкімінің, қала әкімінің және білім басқармасы басшысының тапсырмаларын орындалуын жүзеге асырады.