64888

 «Шахтинск қаласының
білім бөлімі» ММ
басшысының
 2017 жыл «22» желтоқсандағы № 289
бұйрығымен бекітілген

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Р Е Г Л А М Е Н Т І

1. Жалпы ереже

1. Шахтинск қаласының білім бөлімі Қазақстан Республикасы білім беру мекемелерінің бірыңғай жүйесіне кіреді, білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарын және сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын орындау негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіптік қалыптасуына бағытталған аймақтағы

2. Білім беру бөлімінің құрамы мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер басшымен қалыптастырылады.

3. Білім беру бөлімінің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.

4. Білім беру бөлімінің қызметтерін ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз етуді аппарат пен әдістемелік кабинет, орталықтандырылған бухгалтерия жүзеге асырады.

5. Білім беру бөлімінің іс-жүргізілуін жүргізу және білім беру бөліміне келіп түскен хабарларды өңдеу ісжүргізушіге жүктеледі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңының талаптарына сәйкес жетілдіретін тәртіпте жүзеге асырылады.

6. Іс-жүргізу, мекемелермен және азаматтармен қызметтік хат алмасу тілдер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

2. Жұмысты жоспарлау

1. Білім беру бөлімінің жұмысы күнтізбелік жылға жоспарланады.  Жұмыс жоспары 31 желтоқсанынан кешіктірілмей жыл сайын бекітіледі және 10 қаңтардан кешіктірмей барлық білім беру ұйымдарына мәлімет үшін жолданады.

2. Әр сектор аппарат, әдістемелік кабинет және орталықтандырылған бухгалтерия  жыл сайын 5 қаңтарға дейін мерзімде жұмыс жоспарын бөлім басшысымен бекітеді.

3. Білім беру бөлімінің Кеңес отырыстарына, білім беру бөлімі басшысының қатысуымен өткізілетін жиналыстарға, мектеп директорларының қатысуымен өткізілетін отырыстарға дайындық және өткізу тәртібі және хаттамаларды дайындау.

1. Білім беру бөлімінің Кеңес отырыстарының, білім беру бөлімі басшысының қатысуымен өткізілетін жиналыстардың және мектеп директорларының қатысуымен өткізілетін жиналыстардың жұмысы жұмыстың регламентіне және білім беру бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес жоспарланады және өткізіледі.

2. Отырысты білім беру бөлімінің басшысы, ол болмаған жағдайда басшының міндетін атқарушы төрағалық етеді.

3. Отырыстар ашық болып табылады және мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде өткізіледі.

4. Отырыста қаралатын сұрақтар тізімі білім беру бөлімінің басшысымен бекітілген жылдық жоспарына сәйкес келуі қажет.

5. Отырыстарда қатысқан қызметтік тұлғалар, талқыланған сұрақтардың атаулары, баяндамашылардың және талқылау кезінде сөз сөйлегендердің тегі көрсетілетін хаттама жүргізіледі.

6. Хаттамалар бір данада басылады, 5 күн мерзімінде әзірленеді және басшымен қол қойылады.

4. Білім беру бөлімі басшысының қатысуымен өткізілетін аппаратық жиналыстарды өткізу және аппараттық жиналыстар барысында басшымен берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру тәртібі.

1. Білім беру бөлімі басшысының қатысуымен өткізілетін аппараттық жиналыс бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Егер аппараттық жиналыс өткізілетін күн мемлекеттік мереке күніне сәйкес келген жағдайда, онда аппараттық жиналыс келесі күні өткізіледі.

2. Аппараттық жиналыста қаралатын негізгі сұрақтардың тізімі ай сайын басшының орынбасарымен дайындалады және білім беру бөлімінің басшысымен бекітіледі.

3. Аппараттық жиналысты өткізу тәртібі жобасына енгізілетін сұрақтардың санына: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, шешімдерін, өкімдерін, облыс және қала әкімдерінің тапсырмаларын, облыс және қала әкімдерінің қаулыларын, облыстық білім басқармасының бұйрықтарын жүзеге асыру қосылады.

4. Аппараттық жиналыста қарастыруға дайындалған материалдар басшыға екі күнен  кешіктірілмей тапсырылады. Материалдарды тапсырмау және өз уақытында ұсынбау жауапкершілігі тиісті баяндамашыға жүктеледі.

5. Аппараттық жиналысқа қатысушылар өздеріне берілген тапсырмаларын және оларды орындау мерзімдерін жазып алу керек.

6. Басшының хаттама тапсырмаларының орындалуын бақылау бойынша жұмыстың үйлестірілуін бақылау ұйымдастыру-кадр қызметі бойынша әдіскер жүзеге асырады.

7. Аппараттық жиналысқа берілген басшының хаттамасы және тапсырмалар тізімі ісжүргізушімен жүргізіледі. Аппараттық жиналыстың хаттама және тапсырмалар тізімінің көшірмесі тапсырманы орындаушыларға таратылады.

8. Ұйымдастыру және бақылау жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 6, 7 баптарына сәйкес жүзеге асады.

9. Аппараттық жиналыстың хаттамасына сәйкес тапсырманы орындау туралы ақпарат міндетті тәртіпте берілген тапсырмаларды орындау жүктелген тұлға қол қою керек.

10. Білім беру бөлімі басшысының тапсырмалары бойынша орындаушылардың олардың жүзеге асу барысы туралы барлық материалдар жиналатын жинақ папкасы болу керек (хаттама көшірмелері, ұйымдастырылған іс-шаралар және басшылық тапсырмалары, тексеріс қорытындылары, сұраныстар, ақпараттар және т.б.).

11. Тапсырмаларды бақылаудан алып тастау және орындау мерзімдерін ұзарту білім беру бөлімі басшысымен жүзеге асады, сонымен бірге тікелей орындаушы «Бақылаудан алып тастауыңызды сұраймын» деген белгімен берілген тапсырманың орындалу фактілері көрсетілген қызметтік жазбаны тапсыру керек.

12. Ұйымдастыру-кадр қызметі бойынша әдіскер тоқсан сайын білім беру бөлімінің басшысына аппараттық жиналыста берілген тапсырмалардың орындалуы туралы ақпаратты тапсырып отырады.

5. Кіріс құжаттарымен жұмыс жасау тәртібі

1. Білім беру бөліміне келіп түскен барлық байланыс жіберілімдері ісжүргізушімен қабылданады және ЭҚАЖ (электронды құжат айналымы жүйесі) тіркеледі.

2. Барлық байланыс жіберілімдері келіп түскен күні тіркеледі. Білім беру ұйымдарынан білім бөліміне келіп түскен барлық құжаттар міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде (орыс тілінде оқытатын ұйымдар үшін) болу қажет.

3. Құжаттың бірінші бетіне түскен күні және кіріс нөмірі көрсетілген тіркеу мөртаңбасы қойылады. Құжат электронды нұсқада тіркеледі.

Бөлім басшысы құжаттарды қарастырғаннан кейін тиісті орындаушыға тапсырма береді. Құжаттарды орындау барысы ЭҚАЖ бақыланады.

Карточканың артында құжаттың орындалу барысы жазылады.

4. Шығыс құжаттары белгіленген формада ЭҚАЖ тіркеледі. Құжаттарға басшы немесе басшының міндетін атқарушы қол қояды.

5. Шығыс құжатында істер номенклатурасына сәйкес (күні, айы, жылы) және нөмірі болуы қажет. Құжатта орындаушының тегін және қызмет телефонның нөмірін сол жақ төменгі бұрышында көрсету керек. (Мысалы: Иванова, 8/72156/55095).

6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі кеңсесі басшысының 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 20-50/4654, 001-335 (3т) тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат елтаңбалық мемлекеттік тілде ресімделеді, қажет болған жағдайда орыс тілі қоса тіркеледі.

6. Азаматтардың ұсыныстарын, өтініштер және ауызша өтініштерін қарастыру тәртібі және олардың орындалуын бақылау.

1. Азаматтардан келіп түскен шағымдар, өтініштер және оларға қарастыру қорытындылары туралы жауаптар белгіленген формада тіркеледі және  дербес іс-жүргізу болып табылады.

2. Өтініштер мен шағымдар 15  күнтізбелік күн ішінде шешіледі. Қосымша тексеріс қажет болған жағдайда, тапсырма берген қызметтік тұлғанынң келісімімен мерзімдер ұзартылуы мүмкін 15 күнтізбелік күннен  артық емес және авторға хабарланып, есепке алу белгісімен белгіленеді.  Қарастырылған шағымдар, өтініштер бойынша жауаптар өтініш тілінде жазбаша  жауапты алу (почта хабарламасы) немесе өтініштердің жеке қолымен міндетті түрде расталған түрінде ұсынылады.

Басшы Н.Онсович