64888

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына, білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттері мен стандарттарына сай «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ және оған бағынысты ұйымдар 26 мемлекеттік қызметті көрсетеді. 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 6417 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қызмет берушілерге қағаз нұсқасында 994, «Электронды үкімет» веб порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге мүмкіндіктері болған, бірақ қағаз нұсқасында ұсынған- 146; мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген -144; электронды нұсқада – 2122.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін сақтау және орындау мақсатында білім бөлімі ай сайын барлық білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесіне мониторинг жүргізеді. Сонымен,  көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша жұмысты атқару мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша статистикалық есептерді дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартудың ең басты көрсеткіші мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтарына жетекшілік ететін білім бөлімінің қызметкерлерінің ведомствоаралық ұйымдарында мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ішкі бақылауды (мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын мониторингтеу және бақылау іс-шараларын өткізу) болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тиімді бақылау және мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін бұзуға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын сақтау бойынша  Шахтинск қаласының білім бөлімі жоспарланған бақылау іс-шараларын өткізді. Сонымен 2018 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында Шахтинск қаласының білім бөлімі 4 жоспарланған бақылау іс-шаралары («Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің балалар музыкалық мектебі» КМҚК, «Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің балалар «Аленка» сәбилер-балабақшасы» КМҚК,Новодолинский кенті, «Шахтинск қаласы әкімдігінің №3  жалпы білім беру мектебі» КММ, «Шахтинск қаласы әкімдігінің Ә.Бөкейханов атындағы мектеп –лицей» КММ) өткізілді. Бақылау іс-шараларын өткізу барысында және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың тәуелсіз сарапшылары тартылады.
Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет сапасын нәтижелі бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың басынан  2012 жылғы 5 шілдедегі Қарағанды облысының жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жосарының № 2 қосымшасы талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде мемлекеттік қызметтің әр түрі бойынша мемлекеттік қызметті көрсету есебінің журналы жүргізіледі. 2018 жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша Шахтинск өңірінің барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілде мемлекеттік қызметті көрсетуге қағаз түрінде түскен өтініштерді уақытында тіркеу журналы жүргізіледі.
Жыл сайын Шахтинск өңірінің  білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғалар үшін семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер және т.б. түрінде мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тікелей көрсететін қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің бұзылуын болдырмау мақсатында осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Сонымен, Қарағанды облысының мемлекеттік корпорациясы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» ҰАҚ филиалының ХҚКО» Шахан кентінің №2 бөлімі, Шахтинск қаласының №1 бөлімі қызметкерлеріне 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында Шахтинск қаласының білім бөлімінің қызметкерлері электронды мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша 4 семинар өткізді.
Көрсетілген кезеңде Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарын мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңдарын түсіндіру бойынша 5 семинар өткізілді.
Сондай-ақ 2018 жылдың ақпанында «Долинка кентінің аппарт әкімі» ММ, «Новодолинский кентінің аппарт әкімі» ММ, «Шахан кентінің аппарт әкімі» ММ «Балалар мектепке дейінгі ұйымдардағы электронды кезек» тақырыбында 3 семинар өткізілді. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері garden.shahtinsk-edu.gov.kz ақпараттық жүйесіндегі дағдыларды үйренді.
Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын зерделеу бойынша құқықтық жаппай білім беру жоспарланды және өткізілді.
Тұрақты негізде мемлекеттік органдарға халықтың сенімін арттыратын «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ тиісті шаралар жүргізілуде.
Мәселен, өңір тұрғындарына «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына мектепке дейінгі (7 жасқа дейін)  жастағы балаларды кезекке қою» электрондық мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы  хабардарлығын арттыру мақсатында garden.shahtinsk-edu.gov.kz «электрондық үкімет» портал арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының негізінде ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылды. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы электронды кезек» тақырыбында 24 ата-ана жиналысы өткізілді. Қамту - 660 адам.
Есепті кезеңде білім бөлімі мен білім беру ұйымарына мемлекеттік қызметті көрсету сапасына шағымдар, білім саласында мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзу жағдайлары анықталған жоқ. Қағаз түрінде және «электронды үкімет» порталы арқылы түскен мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзусыз уақытында өңделеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында және электрондық қызметтерді дәріптеу бойынша буклеттерді мен брошюраларды тарату бойынша жұмыс жүргізілуде. 2018 жылдың 1 қаңтар-желтоқсан аралығында өңір халқының арасында  14362  брошюралар мен буклеттер таратылды. Халықты амту – 7084 адам.
Мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары бойынша «Ашық есік күні» өткізілді. 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 30 адамның қамтылуымен 8 іс-шаралар өткізілді.
«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ ұсыныстар беріп,  мемлекеттік қызметтер стандарттарында және регламенттерінде бар коллизияларды анықтау, мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы ұсыныстар енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.
-  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті КММ жіберілген мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері арасында бар коллизиялар  туралы 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 02-01-18/106 білім бөлімінің хаты);
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті КММ жіберілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша мемлекеттік қызметті көрсету сапасын ішкі бақылау есебінде деректерді толтыру мәселесі бойынша 2018 жылғы 2 ақпандағы № 02-01-18/208 білім бөлімінің хаты);
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті КММ жіберілген «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызмет стандартында бар коллизиялар туралы 2018 жылғы 14 ақпандағы № 02-01-18/312 білім бөлімінің хаты;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті КММ жіберілген ««Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»  2018 жылғы 14 ақпандағы № 02-01-18/311 білім бөлімінің хаты;
- Астана қаласының«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жіберілген ХҚКО БАЖ ММ АЖО мемлекеттік қызметті көрсетуді мониторингтеу ақпараттық жүйесіне өзгертулер енгізу туралы 2018 жылғы 16 наурыздағы № 02-01-18/515 білім бөлімінің хаты;
-  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қарағанды облыстық ақпараттық технолгиялар орталығы жіберілген  Е-әкімдік ақпараттық жүйесіне өзгертулер енгізу туралы 2018 жылғы 19 наурыздағы № 02-01-18/525 білім бөлімінің хаты;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті» КММ жіберілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»  мемлектеттік қызметті көрсету саласындағы ҚР заңнамасындағы бар құқықтық коллизиялар туралы 2018 жылдың 27 маусымдағы № 02-01-18/1122 білім бөлімінің хаты;
- Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына жіберілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін толық автоматтандыру туралы 2018 жылғы 27 шілдедегі № 02-01-18/1249 білім бөлімінің хаты;
-  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қарағанды облыстық ақпараттық технолгиялар орталығы жіберілген «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қалыптастыру туралы»  Е-әкімдік ақпараттық жүйесіне  өзгертулер енгізу туралы 2018 жылғы 13 қыркүйектегі  № 03-16/1453 білім бөлімінің хаты;
- Е-Әкімдік АЖ «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтердің түрін енгізу сондай-ақ «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында Шахтинск өңірінің 12 жалпы білім беру мектептерінде ЭҮӨШ АЖ орнату және енгізу мәселесіне қатысты 2018 жылғы 28 қарашадағы № 02-01-18/2045 білім бөлімінің хаты. Хат Қарағанды облысының ҰАТ АҚ жолданды.
«Шахтинский вестник» газетінде мақала жарияланды: 2018 жылдың 19 қаңтарындағы №3 санында жарияланған «Мектепке дейнгі балалар ұйымдарындағы электронды кезек» мақаласы (авторы- А.Ю.Галкина) қамту -1 адам.
2018 жылғы 1, 2, 3, 4 тоқсандары үшін Шахтинск қаласының білім бөлімі бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялады:
-      2018 жылдың 19 қаңтарындағы №3 санында жарияланған «Мектепке дейнгі балалар ұйымдарындағы электронды кезек» мақаласы (авторы- А.Ю.Галкина) қамту -1 адам.
- «Шахтинск қаласының білім бөлімінің порталы garden.shahtinsk-edu.gov.kz көмегімен мектепке дейінгі балалар ұйымдарына түсуге баланы (балаларды) кезекке қою және электронды жолдаманы қалай алуға болады»  2018 жылғы 16 ақпандағы № 7 мақаласы, тұрғындарды қамту - 1 адам; (автор – А.Ю.Галкина).
- «Электронды үкімет веб-порталы» тақырыбында 2018 жылғы 18 мамырдағы № 20 мақаласы, қамту – 1 адам (авторы – Шахтинск қаласының білім бөлімі).
- «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі» тақырыбында 2018 жылғы 31 тамыздағы № 35 мақаласы, қамту – 1 адам (авторы – Токенова А.К.).
- «Кәмелетке толмаған балалардың мүлігімен иелік ету және кәмелетке толмағандарға  мұраны рәсімдеу» тақырыбында 2018 жылғы 16 қазандағы № 46 мақаласы, ұамту – 1 адам (авторы – А.Ю.Галкина).
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қол жеткізу үшін Шахтинск қаласының білім бөлімінің www.shahtinsk-edu.gov.kz ақпараттық сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі құрылды.Бұл бөлімде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, сондай-ақ білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, халықты қабылдау кестесі мен мемлекеттік қызмет көрсету функцияларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының байланыс ақпараты жарияланады. Сондай-ақ, қызмет алушылар үшін мемлекеттік қызметтің әр кестесінде,осы жәнеде басқа мемлекеттік қызметті алу үрдісін сипаттайтын чек-парақшаларда,  қызмет көрсету инфографикасын әзірледі.
Инфографика және чек-парақтары қызмет алушылар үшін қол жетімді жерде, сондай-ақ білім беру бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Шахтинск өңіріндегі барлық білім беру ұйымдары мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттық тақталарға ие.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар осы қоғамдық қызметтерді сапалы, уақтылы және тиімді түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

А.Ю.Галкина   64824