64888

2019 жылдың 23 тамыз күні №5 гимназиясында «Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында тамыз секциялық отырысы болып өтті.

Тамыз секциялық отырысында барлық оқу пәндері бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған оқу –тәрбие үрдісіндегі білім беру мазмұнын жаңартудағы өзекті мәселелер қарастырылды.

Сондай-ақ, педагогтер шебер сыныптар, тәжірибе алмасу жұмыстары бойынша коучингтер өткізді, 2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатымен танысты. Барлық қатысқандар саны – 312 педагог.

«Шахтинск қаласының білім бөлімі»ММ (әрі қарай- білім бөлімі) 2019 жылғы 22 – тамызынан  13 - қыркүйек  аралығында 27 ықшам ауданда орналасқан жеке меншік мектепке дейінгі ұйымның 200 жаңа орынға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша байқау өтетінін хабарлайды.

Байқауға қатысуға арналған өтініштер, конверттерге салынған күйде потенциалды жеткізушілерге немесе олардың мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті өкілдеріне мына мекенжай бойынша қолма-қол беріледі: Шахтинск қ., Қазақстан көшесі үй 101 , 15 каб.,  2019 жылғы 13 қыркүйек сағат 13.00-ге дейін.

Байқауға қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттер 2019 жылдың 13 – қыркүйек сағат 15.00-де Шахтинск қ., Қазақстан көшесі үй 101, 15 каб мекенжайы бойынша ашылатын болады.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмері бойынша алуға болады:       8 (72156) 64824

Подробнее...  

2019 жылдың 20-23 маусым күндері Шахтинск өңірінде мемлекеттік қызметшілердің күнін өткізуге байланысты «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ «Мен және менің кәсіби қызметім» атты сурет байқауын өткізді.

2019 жылғы 11 маусым Шахтинск қаласының қалалық паркінде қала әкімі Сержан Жанабекович Аймаковтың қатысуымен және мектеп түлектерімен «Түлектер аллеясы» атты науқан аясында жас ағаштар отырғызылды. Науқанның негізгі мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпақтарды патриотизм мен азаматтықа тәрбиелеу.

2019 жылы 1 маусымда "Балаға мейірімді қала" бастамасы аясында Шахтинск қаласында келесі іс-шаралар  өтті : "Балалар музыкалық оркестрлерінің шеруі" қалалық мерекесі, "Ура! Зажигает детвора" көңіл көтеретін қалалық бағдарламасы  ( "Сиқырлы ойын алаңдары" жұмыс істеді: "Сабын көпіршіктерінің шоуы",  музыкалық алаң, би флешмобы, ұлттық ойындар (асық, бестас, тоғызқұмалақ), аквагрим,  "Шеберлер қаласы" (тастанды материалдардан бұйымдар жасау), "Полиглотик" (викториналар үш тілде), "Виртуозные гонки" (самокаттар мен велосипедтердегі эстафета), ғылыми -техникалық бағыттағы үйірмелер жұмыстарының көрмесі (кеме моделизм және робототехника), кітап алаңы ( Шахтинск қаласының балалар кітапханасы ұйымдастырды). И.Әубакіров атындағы балалар көркемсурет мектебі қызықты шеберлік -сыныптар өткізді: қыш шеңберде құмыраны дайындау, линогравюра, табиғаттан сурет салу, кескіндеме.

Мектеп командалары бойынша шағын футбол мен «Асық ойыны» жарыстары ұйымдастырылды.

          Балалар музыкалық мектебі және Балалар -жасөспірімдер орталығы өздерінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырды және өткізді.

          Сонымен қатар, балалар -жасөспірімдер орталығы мен қала мектептері (№ 1 гимназия, № 3 ЖББМ, № 5 гимназия, № 6 ЖББМ, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей) қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізді. Жиналған қаражат "Дені сау қоғам -2050" мүгедектердің қоғамдық бірлестігіне жіберілді.

Подробнее...  

2019 жылдың мамыр айының 23-24 аралығында Қарағанды қаласында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Шаг» компьютерлік Академиясымен бірлесіп, оқушылардың шыңғармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «ITeens 2019» облыстық байқауын ұйымдастырды. Облыстық байқау аясында  бағдарламалау бойынша олимпиада және балалар білімдік  хакатоны ұйымдастырылды.

Шахтинск өңірінен бағдарламалау бойынша олимпиадаға № 1 гимназия 8 сынып оқушылары Виниченко Антон және  Тасмасыс Данил, ал   Хакатонға  № 1 гимназия 8 сынып оқушысы  Султанов Денис қатысты. Байқау нәтижесіне сәйкес, «3D моделировании» номинациясы бойынша Султанов Денис 2 орын иеленді.

Подробнее...  

2019 жылдың наурыз айынан мамыр айына дейінгі аралықта «BILGE» халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Bilgen Baige», «Bilgen Alaman» пәндік олимпиадаларының мектепшілік, қалалық, облыстық кезеңдері өткізілді. Мамыр айының 10-12 аралығында 4 кезеңге өткен оқушылар үшін  Қазақстанның барлық өңірлерінде республикалық кезең өткізілді.Нұр-сұлтан қаласында ұйымдастырылған республикалық кезең нәтижесі бойынша Шахтинск өңірінен  № 5 гимназиясының 1 сынып оқушысы Ешмағамбетова Аяжан математика пәні бойынша 1 орын,               № 1 гимназиясының 8 оқушысы Бирюков Никита ағылшын тілі пәнінен 2 орын, № 9 жалпы білім беру мектебінің 3 сынып оқушысы Шайзанда Ақбота қазақ тілі пәні бойынша 2 орын иеленіп жүлдегер атанды.

Қатысушылар  «BILGE» халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының дипломдарымен, мадақтамаларымен марапатталып, жүлделі орын алған оқушыларға «Кемеңгер», «Білімді» медальдары  табыс етілді.   

Подробнее...  

     2019 жылдың 23 мамырында «Шахтинск қаласының № 5 гимназиясы» КММ түлектері «Ақ тырна» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл қайырымдылық шарасы отбасыларына жатпайтын және балалар үйлерінде тәрбиеленетін балаларға көмектесу үшін күштер мен құралдарды біріктіруге арналған. Бітірушілер оны «Ақ тырна» деп атады, өйткені бұл құс кіршіксіз таза және үміт пен риясыздық белгісі болып саналады

     Мектеп түлектері Шахтинск қаласының мектептерінің түлектерін акцияға қатысуға шақырды. Барлық түлектер шақыруды қуанышпен қабылдады. Акция барысында көптеген ойыншықтар, үстел ойындары, балаларға арналған кітаптар, доптар мен басқа ойыншықтар жиналды.

Акция барысында жиналған барлық сыйлықтарды «Осакаровка ауданының Литвинск балалар үйі» КММ балаларына тапсыру жоспарланып отыр.

   Түлектер «Ақ тырна» атты бұл бастаманы ары қарай дәстүрлі жалғастыруды шешті.

Іс-шараға қатысқандардың жалпы саны шамамен 80 адамды құрады.

Подробнее...