64888

2019 жылғы 1 қарашадан бастап кезекті басқару жүйесінде өзекті емес өтініштерді анықтау және оларды кейіннен кезектен алып тастау үдерісі іске қосылды.

Өтініш беруші әрекет ету мерзімін уақытында ұзартып үлгермеген өтініштер автоматты түрде «Тоқтату-парағына» ауыстырылды және кезектіліктен шығарылды.

Өз кезегіңізді қалпына келтіру үшін indigo24.kz порталына «жеке кабинетке», «Менің өтініштерім» бөліміне кіріп, «Өтінімшті кезекке қайтару» түймесін басу керек.

Подробнее...  

Шахтинск қаласының барлық білім беру ұйымдарында 2019 жылғы 13 қарашада «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз Балалық шақ» Республикалық ақпараттық кампания аясында дүниежүзілік сабақ өткізілді.

Іс-шараның мақсаты -  өскелең ұрпақтың бойында баланың тұлғалық маңыздылығы мен қадір-қасиетіне деген сенімді дамыту, баланың тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосуды нығайту, баланың әл-ауқаты мен қорғанысына қатысты әлеуметтік және құқықтық қағидаларды қалыптастыру.

Аталған науқанға 7000 мыңдай оқушы қатысты.

 

 

 

Подробнее...  

Шахтинск өңірінің барлық білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында сынып сағаттары өткізілді. Жалпы 7125 адам саны қамтылды.

Подробнее...  

2019 жылғы 31 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында оқушылар арасында «IITU Robocon Games» робототехникадан V чемпионаты өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты- балаларды ақпараттық технологияларға баулу, білім саласына инновация ендіру болып табылады.

          Чемпионатта Қазақстанның барлық аймақтарынан 30 үздік командалар қатысты.

Белко Никита, Тасмасыс Данил, Жубанов Алмас, Письменчук Дмитрий, Вагнер Максим, Оразбеков Алибек, Ульянов Эрик Балалар-жасөспірімдер орталығы командасының қатысушылары тренер И.Н.Шеенконың жетекшлігімен жақсы көрсеткіштер көрсетіп,  «Лучший Дебют» номинациясы бойынша марапатталды.

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «qazlatyn.kz», «termincom.kz», «tilalemi.kz», «sozdikqor.kz», «emle.kz», «atau.kz», «balatili.kz», «tilqural.kz» келесі сайттарды (http://tilalemi.kz/, https://sozdikqor.kz/, https://tilqural.kz , http://balatili.kz/, https://www.qazlatyn.kz/, http://emle.kz/, http://atau.kz/, https://www.qazlatyn.kz/converter/text, http://termincom.kz/, https://tilmedia.kz/) жұмыс үшін пайдалануға болады.

     2019 жылғы  3 қазан күні «ЭКОсағат» республикалық акциясы өткізілді.

    Аталған акция «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ бекітілген ЭКОсағатты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары, педагогтар, ата-аналар қоғамдастығы және әр мектептен шақырылған қоғам қайраткерлері, жеке кәсіпкерлер, еңбек ардагерлері т.б. танымал адамдардың қатысуымен кең көлемде ұйымдастырылды.

Экосағат негізінде барлық білім беру ұйымдарында оқушылармен табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау  мәселелерін талқылай отырып, сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шараға Шахтинск қаласының әкімі Сержан Жанабекович Аймаков және Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Кайыржан Каримович Тлеубергенов қатысты.

Экосағат әрбір мектепте ағаштар отырғызумен, сондай-ақ балалардың, педагогтар мен ата-аналардың қатысуымен басқа да іс-шараларды ұйымдастырумен аяқталды.

Акция аясында Шахтинск өңірінің барлық мектептерінің аулаларында 218 түрлі ағаш көшеттері мен шыршалр отырғызылды.

  Аталған акцияға жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш, орта, жоғары сынып оушыларынан құралған 3000 нан астам оқушы, 300 ден астам педагогикалық ұжым және ата-аналар қатысты.

Подробнее...