8(72156)64888

Үкіметтің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 Қаулысына сәйкес, «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
2019 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданыстан алынады. Сәйкесінше барлық мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, елшіліктер мен консулдықтарда, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдарда – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етпеуге тиіс.

Талап етілген жағдайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне 8/72-12/50-40-66 телефоны бойынша хабарласуға болады.

2019 жылдың 25, 28, 29 қарашасында Шахтинск өңірінде аттестатталатын мектепке дейінгі ұйымдардың («Аленка» сәбилер-балабақшасы, «Ботагөз» сәбилер-балабақшасы, «Салтанат» сәбилер-балабақшасы) педагогтарының жұмыс тәжірибесін қорытындылау бойынша «Мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігінде аттестатталатын педагогтардың кәсіби қызметі» атты қалалық авторлық семинарлар өтті.        5 педагог өз жұмыс тәжірибелерін қалалық деңгейде қорытындылады.

Семинарларда педагогтар әріптестерімен өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналармен ынтымақтасу бойынша бай материал ұсынды.

2019 жылғы 21-22 қараша күндері Қарағанды облысы бойынша  аудан және қалалардағы мектептер арасында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының іріктеу кезеңі өтті. 

2019 жылғы 22 қараша күні «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 5 мектеп-гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі-Хайрат Перизат өзінің жұмыс тәжірибесін таныстырды.

«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушыларымен географиядан ашық сабақ және «Ұшқыр ой» сыныптан тыс іс-шарасын өткізді.

2019 жылғыы 27 қарашада Шахтинск қаласында «Іңкәрім» мектепке дейінгі академиясы» ЖШС жаңа жеке меншік мектепке дейінгі ұйымының салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс-шараға Нұр-сұлтан қаласынан, Қарағанды қаласынан, алыс шет елдерден (Түркия) қонақтар қатысты. Балабақша ашу құрметті құқығы Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нукенович Нукеновке және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Михайлович Ершовқа берілді.

       Жаңа балабақша қаламыздың 1 жастан 6 жасқа дейінгі                            270 тәрбиеленушіге есігін айқара ашты. Әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аталған ұйымның құрылтайшысы көп балалы отбасылардан шыққан балаларға 50 тегін орын бөлді.

       Жаңа балабақшада өсіп келе жатқан ұрпақтың табысты дамуына қолайлы жағдай жасалған.

Іс-шара балалардың қатысуымен мерекелік концертпен аяқталды.

 

2019 жылғы 1 қарашадан бастап кезекті басқару жүйесінде өзекті емес өтініштерді анықтау және оларды кейіннен кезектен алып тастау үдерісі іске қосылды.

Өтініш беруші әрекет ету мерзімін уақытында ұзартып үлгермеген өтініштер автоматты түрде «Тоқтату-парағына» ауыстырылды және кезектіліктен шығарылды.

Өз кезегіңізді қалпына келтіру үшін indigo24.kz порталына «жеке кабинетке», «Менің өтініштерім» бөліміне кіріп, «Өтінімшті кезекке қайтару» түймесін басу керек.

Подробнее...  

Шахтинск қаласының барлық білім беру ұйымдарында 2019 жылғы 13 қарашада «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз Балалық шақ» Республикалық ақпараттық кампания аясында дүниежүзілік сабақ өткізілді.

Іс-шараның мақсаты -  өскелең ұрпақтың бойында баланың тұлғалық маңыздылығы мен қадір-қасиетіне деген сенімді дамыту, баланың тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосуды нығайту, баланың әл-ауқаты мен қорғанысына қатысты әлеуметтік және құқықтық қағидаларды қалыптастыру.

Аталған науқанға 7000 мыңдай оқушы қатысты.

 

 

 

Подробнее...  

Шахтинск өңірінің барлық білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында сынып сағаттары өткізілді. Жалпы 7125 адам саны қамтылды.

Подробнее...  

2019 жылғы 31 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында оқушылар арасында «IITU Robocon Games» робототехникадан V чемпионаты өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты- балаларды ақпараттық технологияларға баулу, білім саласына инновация ендіру болып табылады.

          Чемпионатта Қазақстанның барлық аймақтарынан 30 үздік командалар қатысты.

Белко Никита, Тасмасыс Данил, Жубанов Алмас, Письменчук Дмитрий, Вагнер Максим, Оразбеков Алибек, Ульянов Эрик Балалар-жасөспірімдер орталығы командасының қатысушылары тренер И.Н.Шеенконың жетекшлігімен жақсы көрсеткіштер көрсетіп,  «Лучший Дебют» номинациясы бойынша марапатталды.