64888

2019 жылдың 19 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  және Шахтинск қаласының «Березка» сәбилер-балбақшасы» КМҚК базасында "Зерек" жобасының аясында «Сөз шеберханасы» облыстық семинар – практикум өтті.

Семинарда балалармен , педагогтармен, ата-аналармен жұмыстың инновациялық формалары ұсынылды , "Қазақ тілін үйрену "Тілді үйрену оңай", "Көңілді тапсырмалар","Дене-бағытталған техника өзіне оң көзқарасты қалыптастыру құралы ретінде", "Wilbarger Protocol грамотасын оқытудағы сенсорлық интеграция" , "Тіл мен дикцияны жаңылтпаш арқылы дамытамыз", "Балаларды рифммен ойнауға үйретеміз", "Поэтикалық минут", "Қызықты криптограмма", мектепке дейінгі балаларға арналған перфокарталар, "FanFiction жанрындағы шығарма", "Хат құрастыру" (эпистолярлық өнер),"Шығармашылық экспериментаждау","Шығармашылық эксперимент","Қызықты этимология немесе сөз құпиялары" тақырыбында.

Семинар жұмысы оқу қызметін оңтайландыруға, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әлеуетін сақтау мен дамытуға, шаршаудың алдын алуға, жоғары оқу уәждемесін дамыту мен қолдауға, балаларда аналитикалық қызмет дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылау, сондай-ақ алған білімдерін сабақта және әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдануға бағытталған.

Іс-шараға Қарағанды, Теміртау, Сарань, Шахтинск қалаларының және Жаңаарқа, Бұқар-жырау, Нұра, Осакаровка, Қарқаралы және Шет аудандарының педагогтары семинарға келді.

Семинар соңында "Зерек" жобасы аясында әдістемелік ұсыным әзірленді.

Подробнее...  

Подробнее...  

Әрбір мұғалімнің негізгі міндеті - оқушыларға белгілі бір білім беру ғана емес, сонымен қатар оқуға деген қызығушылығын дамыту, оларды оқуға үйрету; барлық нәрсені айтуға және көрсетуге ғана емес, сонымен қатар оқушыларға ойлануға, практикалық әрекеттер дағдыларын үйретуге де болады. Қалалық семинар барысында №2 ЖББМ КММ  мұғалімдері тілдік цикл сабақтарында қолданылуы мүмкін белсенді оқыту нысандары мен әдістерін көрсетті.

Подробнее...  

2019 жылдың 23 ақпан күні «Шахтинск қаласы әкімдігінің №3 жалпы білім беру мектебі» КММ базасында «Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктері» атты тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Шахтинск өңірінің барлық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері белсене қатысты. Семинардың мақсаты: білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу мен сараптаудағы мұғалімдердің кәсіби дамуы.

Подробнее...  

Мемлекет басшысының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау туралы тапсырмасына сәйкес 2019 жылы 23 ақпанда Шахан кентіндегі №12 жалпы білім беретін мектебінде «Жаңартылған білім – бәсекеге қабілеттіліктің бастауы» тақырыбында семинар – практикум өтті. Аталған іс-шараның мақсаты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен алмасу болды.

Подробнее...  

2019 жылғы 18-23 ақпан аралығында Шахтинск қаласының жалпы білім беру мектептерінде «Экономика барлығымыз үшін» жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық күні» акциясы өтті.

Акция мақсаты- оқушылардың бойына қаржылық мәдениет қалыптастыру болып табылады.

Қаржылық сауаттылық күні қарсаңында Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарында тақырыптық қабырға тақталары, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сынып сағаттары, экономикалық ойындар, дәрістер мен әңгімелесулер ұйымдастырылды.

Подробнее...  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты руханиэтикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті. Осыған байланысты өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Шахтинск қаласында мектепке дейінгі  ұйымдардағы қызметкерлерді басқару Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде жүзеге асырылады.

Подробнее...  

2019 жылғы 30 қаңтар күні Шахтинск қаласында Қарағанды облысы білім басқармасының алқа мәжілісі өтті. Аталған алқа мәжілісіне білім басқармасы алқа мәжілісінің мүшелері, білім бөлімдерінің басшылары және Қарағанды облысы бойынша білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
Алқа мәжілісін өткізу барысында Шахтинск қаласы білім беру ұйымдарының қызметімен таныстыру ұйымдастырылды. Алқа мәжілісінің екінші бөлімі  «2019 жылы білім беру жүйесі алдында тұрған міндеттер бойынша ұсыныстарды  әзірлеу  топтық жұмыстары»  фасилитацияланған сессиясы түрінде өтті.
Білім басқармасы алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша 2019 жылы білім жүйесінің алдында тұрған негізгі міндеттер туралы шешім қабылданды.

Подробнее...