8(72156)64888

2019 жылы 13 желтоқсанда «№ 4 ЖББМ» КММ Қазақстан Республикасының елордасына  арналған  мұражайдың салтанатты ашылуы өтті.Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты: Долинка кентінің әкімі С. И. Бдуов, Шахтинск қаласының ББ басшысының м.а. А. С. Мусина, Шахтинск аймағы мектептерінің директорлары, мектеп мұражайларының басшылары, педагогтар.

       Мектеп мұражайын құру мақсаты - келушілерді Қазақстан астанасының пайда болу және даму тарихымен таныстыру.

Мұражай экспозициясында еліміздің бас қаласы Бозоқ, Ақмола, Целиноград, Ақмола, Нұр –сұлтан қалаларына дейінгі даму кезеңдерінің сабақтастығы көрсетілген.

      Мұражайда педагогтар, балалар және кент тұрғындары жинаған бірегей экспонаттар бар

Подробнее...  

«Шахтинск қаласының білім бөлімі»ММ (әрі қарай- білім бөлімі) 2019 жылғы 10 – желтоқсанан 2020 жылғы 5 – қаңтар   аралығында 27 ықшам ауданда орналасқан жеке меншік мектепке дейінгі ұйымның 270 жаңа орнына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша байқау өтетінін хабарлайды.

Байқауға қатысуға арналған өтініштер, конверттерге салынған күйде потенциалды жеткізушілерге немесе олардың мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті өкілдеріне мына мекенжай бойынша қолма-қол беріледі: Шахтинск қ., Қазақстан көшесі үй 101 , 15 каб.,  2020 жылғы 5 қаңтар сағат 13.00-ге дейін.

Байқауға қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттер 2020 жылдың 5– қаңтар сағат 15.00-де Шахтинск қ., Қазақстан көшесі үй 101, 15 каб мекенжайы бойынша ашылатын болады.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмері бойынша алуға болады:       8 (72156) 64824

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім бөлімі) 2019 жылғы 10 желтоқсаннан 2020 жылғы 5 қаңтарға дейін 2094 орынға мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды.

№1    лот  – «Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Аленка» сәбилер-балабақшасы» КМҚК.

Жалпы орын саны - 214.

№2 лот – «Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Березка» сәбилер-балабақшасы» КМҚК.

Жалпы орын саны - 220.

№3 лот – «Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Ботагөз» сәбилер-балабақшасы» КМҚК.

Жалпы орын саны - 300.

№4 лот – «Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Гүлдер» сәбилер-балабақшасы» КМҚК.

Жалпы орын саны - 160.

№5 лот – «Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Еркетай» сәбилер-балабақшасы» КМҚК.

Жалпы орын саны - 280.

№6 лот – «Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Қарлығаш» сәбилер-балабақшасы» КМҚК.

Жалпы орын саны - 280.

№7 лот – «Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Салтанат» сәбилер-балабақшасы» КМҚК.

Жалпы орын саны - 360.

№8 лот – «Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Снегурочка» сәбилер-балабақшасы» КМҚК.

Жалпы орын саны - 280.

Конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол келесі мекенжай бойынша беріледі: Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101, 15 кабинет,            2020 жылғы 5 қаңтар сағат 13-00-ге дейін. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттер Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101, 15 кабинет мекенжайы бойынша 2020 жылғы 5 қаңтар сағат 15-00-де ашылады.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі бойынша алуға болады:                       8 (72156) 64824

Подробнее...  

2019 жылғы 5-6 желтоқсан күндері «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 9 жалпы білім беру мектебі» КММ-де  9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беру пәндері бойынша Республикалық Пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі ұйымдастырылды. 

Пәндік олимпиаданың қалалық кезеңіне қаланың 12 жалпы білім беру мектептерінен 201 оқушы қатысты.

Олимпиада нәтижесі бойынша олимпиаданың облыстық кезеңіне 9 пән бойынша 15 жұмыс жіберілді (қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, құқықтану негіздері, неміс тілі, ағылшын тілі, география, биология).

Подробнее...  

Үкіметтің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 Қаулысына сәйкес, «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
2019 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданыстан алынады. Сәйкесінше барлық мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, елшіліктер мен консулдықтарда, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдарда – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етпеуге тиіс.

Талап етілген жағдайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне 8/72-12/50-40-66 телефоны бойынша хабарласуға болады.

2019 жылдың 25, 28, 29 қарашасында Шахтинск өңірінде аттестатталатын мектепке дейінгі ұйымдардың («Аленка» сәбилер-балабақшасы, «Ботагөз» сәбилер-балабақшасы, «Салтанат» сәбилер-балабақшасы) педагогтарының жұмыс тәжірибесін қорытындылау бойынша «Мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігінде аттестатталатын педагогтардың кәсіби қызметі» атты қалалық авторлық семинарлар өтті.        5 педагог өз жұмыс тәжірибелерін қалалық деңгейде қорытындылады.

Семинарларда педагогтар әріптестерімен өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналармен ынтымақтасу бойынша бай материал ұсынды.

2019 жылғы 21-22 қараша күндері Қарағанды облысы бойынша  аудан және қалалардағы мектептер арасында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының іріктеу кезеңі өтті. 

2019 жылғы 22 қараша күні «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 5 мектеп-гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі-Хайрат Перизат өзінің жұмыс тәжірибесін таныстырды.

«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушыларымен географиядан ашық сабақ және «Ұшқыр ой» сыныптан тыс іс-шарасын өткізді.

2019 жылғыы 27 қарашада Шахтинск қаласында «Іңкәрім» мектепке дейінгі академиясы» ЖШС жаңа жеке меншік мектепке дейінгі ұйымының салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс-шараға Нұр-сұлтан қаласынан, Қарағанды қаласынан, алыс шет елдерден (Түркия) қонақтар қатысты. Балабақша ашу құрметті құқығы Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нукенович Нукеновке және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Михайлович Ершовқа берілді.

       Жаңа балабақша қаламыздың 1 жастан 6 жасқа дейінгі                            270 тәрбиеленушіге есігін айқара ашты. Әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аталған ұйымның құрылтайшысы көп балалы отбасылардан шыққан балаларға 50 тегін орын бөлді.

       Жаңа балабақшада өсіп келе жатқан ұрпақтың табысты дамуына қолайлы жағдай жасалған.

Іс-шара балалардың қатысуымен мерекелік концертпен аяқталды.