64888

Үкіметтің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 Қаулысына сәйкес, «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
2019 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданыстан алынады. Сәйкесінше барлық мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, елшіліктер мен консулдықтарда, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдарда – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етпеуге тиіс.

Талап етілген жағдайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне 8/72-12/50-40-66 телефоны бойынша хабарласуға болады.

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «qazlatyn.kz», «termincom.kz», «tilalemi.kz», «sozdikqor.kz», «emle.kz», «atau.kz», «balatili.kz», «tilqural.kz» келесі сайттарды (http://tilalemi.kz/, https://sozdikqor.kz/, https://tilqural.kz , http://balatili.kz/, https://www.qazlatyn.kz/, http://emle.kz/, http://atau.kz/, https://www.qazlatyn.kz/converter/text, http://termincom.kz/, https://tilmedia.kz/) жұмыс үшін пайдалануға болады.

     2019 жылғы  3 қазан күні «ЭКОсағат» республикалық акциясы өткізілді.

    Аталған акция «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ бекітілген ЭКОсағатты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары, педагогтар, ата-аналар қоғамдастығы және әр мектептен шақырылған қоғам қайраткерлері, жеке кәсіпкерлер, еңбек ардагерлері т.б. танымал адамдардың қатысуымен кең көлемде ұйымдастырылды.

Экосағат негізінде барлық білім беру ұйымдарында оқушылармен табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау  мәселелерін талқылай отырып, сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шараға Шахтинск қаласының әкімі Сержан Жанабекович Аймаков және Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Кайыржан Каримович Тлеубергенов қатысты.

Экосағат әрбір мектепте ағаштар отырғызумен, сондай-ақ балалардың, педагогтар мен ата-аналардың қатысуымен басқа да іс-шараларды ұйымдастырумен аяқталды.

Акция аясында Шахтинск өңірінің барлық мектептерінің аулаларында 218 түрлі ағаш көшеттері мен шыршалр отырғызылды.

  Аталған акцияға жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш, орта, жоғары сынып оушыларынан құралған 3000 нан астам оқушы, 300 ден астам педагогикалық ұжым және ата-аналар қатысты.

Подробнее...  

2019 жылғы 3 қазанда Шахтинск қаласының «Іңкәрім» мектепке дейінгі академиясы» жаңа жеке меншік балабақшасында «Балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына электронды тіркеу» тақырыбына ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды өткізілді. Бұл   іс-шараға мектепке дейінгі академияға орын алуға кезекте тұрған балалардың ата-аналары қатысты. Жиналысты өткізу барысында ата-аналарға Шахтинск қаласының білім бөлімінің жаңа порталы арқылы электрондық жолдама алу және балаларды қабылдау бойынша нұсқаулықтар берілді garden.shahtinsk-edu.gov.kz. Жиналыс соңында барлық ата-аналар осы интернет-порталдың жұмысы туралы толық ақпарат жазылған кітапшаларға ие болды, электрондық қызметтерді көпшілікке тарату бойынша буклеттер, Digital agent парақшалары таратылды. Барлығы 50 адам қамтылды.

Подробнее...  

2019 жылдың 2 қазан күні сағат 10.00 – де Шахтинск қаласы әкімдігінің №9 жалпы білім беру мектебі базасында облыстық «CLEVER - 2019» пәндік олимпиадасы өтті. Барлық жалпы білім беретін мектептерінің 4,5,6 сыныптарынан оқыту тіліне сәйкес 1 оқушыдан ұсынылды: қазақ тілі, қазақ тілі орыс мектептерінде, орыс тілі, орыс тілі қазақ мектептерінде, математика, ағылшын тілі.

Подробнее...  

Жыл сайын 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде республикада дәстүрлі түрде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Осы жылы акцияның ұраны – «Жүректен жүрекке!».

Бұл акцияны өткізу мақсаты – біліммен қамтылмаған балаларды анықтау, әлеуметтік қорғалмаған отбасының мектеп оқушыларына оқу жылының басталуына дайындық бойынша материалдық қолдау көрсету, әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмей қалуына ескерту жасау.

Подробнее...